Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлемнің екінші ұстазы" атанған әл-Фарабидің ұлты қазақ екені рас па

Опубликовано:

Ел ішінде "Әлемнің екінші ұстазы" атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің ұлтына қатысты сан түрлі пікір тарауда. Бірі оны "қазақ" десе, енді бірі "өзбек, тәжік" ұлтынан деп айтып жүр. Осы ретте шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі ғалымның шын мәнінде қай ұлттан екенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz: Facebook

Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Ғалымның мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті.

Алайда бүгінгі күні қоғамда ғалымның ұлтына байланысты сан алуан пікір бар. Осы орайда шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі бұл мәселені түсіндірді.

"Бұл кісіні (Әл-Фарабиді – ред.) "қазақ" деп жазады. Оны"өзбек, тәжік" деп айтады. Ол – қате. Бұл кісі өмір сүрген уақытта біздің халқымыз жеке ұлт ретінде тарих сахнасына көтерілген жоқ. Сондықтан әл-Фараби – түркі текті. Бұл мәселеге академик Гафур нүкте қояды.
Ол "әл-Фараби өмір сүрген уақытта қазақ, өзбек деген болған жоқ. Бірақ Әл-Фараби қазақ жерін мекендеген түрік тайпасынан шыққан. Бұл тайпа кейін қазақ халқының құрамына енді. Сондықтан қазақ халқының перзенті деуге негіз бар деп жазды", - деді ғалым Qareket бағдарламасында.

"Әл-Фараби" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Жақыпбек Алтайұлы да шығыстанушы ғалымның сөзін толықтырып, оның түркітілдес халыққа ортақ екенін айтты.

"Орта ғасырда әл-Фарабидің ұлтын нақты айту үлкен бір қателік болар еді. Себебі, ол тұста ұлттардың қалыптаспаған тұсы. Әл-Фарабиді түркі дүниесіне ортақ, мұсылман әлемінен шыққан ұлы жерлесіміз деп нақты айта аламыз", - деді Жақыпбек Алтайұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828766-lemni-ekinsi-stazy-atangan-l-farabidi-lty-kazak-ekeni-ras-pa/

pixel