RU

Көкшетауда 40 жастағы әйел өзінің жұмыс орнында жезөкшелер ордасын ашқан

Көкшетауда 40 жастағы әйел адам өзі істейтін саунада клиенттерге интимдік қызмет көрсететін жезөкшелер ордасын ашқан. Бұл туралы қалада жүргізілген рейд барысында белгілі болған деп жазады Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Айта кетерлігі, орта жастағы әйел облыс орталығындағы сауналардың бірінде әкімші болып қызмет екен. Ол сол жерде жезөкшелер ордасын ашқан.

Қалада жүргізілген рейд жұмыстары барысында бұдан бөлек интимдік қызмет көрсететін 29 бойжеткен есепке алынған.

Еске саларлығы, 22-22 қараша аралығында шаһарда криминалды, әкімшілік және көші-қон қызметі бөлімшелерінің бірлескен күшімен, "Трафикке жол жоқ" жедел-алдын алу іс-шарасының аясында бірқатар рейд жұмыстары жүргізілген.

Осылайша арнайы құрылған мобильді топтар өнеркәсіптік нысандарды, ауыл шаруашылығы аумағын, ойын-сауық орындары мен монша-қонақүй кешендерін тексерген.

Шара барысында тәртіп сақшылары сондай-ақ адам саудасының құрбаны болмау үшін, заңсыз бас бостандығынан айрылмау үшін, еңбек және сексуалды құлдықтың құрбаны болмау үшін, не істеу керектігін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828866-kksetauda-40-zastagy-jel-zini-zmys-ornynda-zezkseler-ordasyn-askan/