Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяқ шығып тұр": Қостанайда аула сыпырушы қоқыс жәшігінен сәби тауып алды

Опубликовано:

Қостанай полициясы жаңа туға нәрестені қоқыс жәшігіне тастап кеткен көкек ананы іздестіруде. Кіндігі кесілмеген сәбидің денесін аула сыпырушы тапқан. Нәресте пакеттің ішінде жатып, суықтан қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Аяқ шығып тұр": Қостанайда аула сыпырушы қоқыс жәшігінен сәбиді тауып алды
Геннадий Леонов. "Астана" арнасынан алынған кадрлар: UGC

Жантүршігерлік оқиға жайлы Геннадий Леонов көзіне жас алып отырып, баяндап берді. Айтуынша, ол пакетті жексенбі күні таңда "Аэропорт" шағынауданындағы 5-үйдегі қоқыс жәшігінен тауыпты.

"Жақындасам, мына жәшіктен аяқ шығып тұр екен. Ішін ашсам, жаңа туған нәресте екен, кіндігі де кесілмеген. Бірден диспетчер бөлмесіне жүгірдім", - деді Геннадий Леонов.

Жаңа туған сәбиді көрші үйдің тұрғыны да көрген. Ол жедел жәрдем мен полицейлерді шақырған. Медицина қызметкерлері келген кезде нәресте жан тәсілім еткен. Болжам бойынша, ол суық ауа райында бір сағаттан астам уақыт жатқан.

"Клиникалық өлім, реанимациялық шаралар жасалды. Өкінішке қарай, сәтсіз. Сәби уақытында дүниеге келген, кіндігі кесілмеген", - деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.

Аталған факті бойынша, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Баласын тастап кеткен көкек ана әлі анықталған жоқ.

"Полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық үйлерді аралап, бейнебақылау камераларын қарап шықты, кинологтар да жұмысқа тартылды, - деп хабарлады облыстық ПД тергеу бөлімінің бастығы Нұрлан Арыстанов.

Оқиға куәгерлері де әлі анықталған жоқ. Шағын аудандағы ебйнебақылау камералары барлық жерді түсірмейді. Полицейлер көкек ана жайлы қандай да бір ақпарат білуі мүмкін қостанайлықтарға сенім артып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828990-aak-sygyp-tr-kostanajda-aula-sypyrusy-kokys-zsiginen-sbidi-tauyp-aldy/

pixel