Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауалнама нәтижесі: Sulpak - сервисі ең нашар дүкен деп танылды

Опубликовано:

Біз екі ай бұрын Алматыдағы электроника дүкендерінің рейтингін жасадық. Сондай-ақ, оқырмандарға ең нашар сервисті таңдап, өздерінің антирейтингтерін жасауды ұсындық. Жеңімпаз - Sulpak дүкені болды. Оған қарсы 2212 қатысушыдан 707 адам (32%)дауыс берген.

Скриншот NUR.KZ, 26-қараша, 13.50.
Скриншот NUR.KZ, 26-қараша, 13.50.: UGC

Рейтингтің соңына өзінің бағасын түсіндіретін қолданушылардың пікірлері бекітілген.

Оқырмандар сапасыз қызмет көрсету, сауда орындарындағы кеңесшілердің жетіспеушілігі сияқты мәселелерге баса назар аударған.

"Сулпак бұл сұмдық, онда "если в крИдит бИрошь, Щихол и пленка надо, и прАкашка надо абизатина, ато аткажет" деп айтады... Жеке өзім ұялы телефонды бөліп төлеуге алғанмын... ешқандай сервис жоқ",

"Сулпак ең нашар желі", "Сулпак ең нашар және сатушылары да ашулы", "Сулпак нашар!!";

"Мен ол жерде осымен неше рет болдым (соңғы 12 жылда жиі барып тұратынмын), кеңесшілер сатып алушыларды көрген кезде жоғалып кететін сияқты. 8-жағдайдың біреуінде ғана кеңесшілер өздері келіп, ненің не екенін түсіндіріп берді...";

"Сулпакта кеңесшілерді іздеп табу мүмкін емес. Ұялы телефондардың жанында кеңесшілер көп. Ал тоңазытқыштар, үтіктер, шаңсорғыштар, кір жуатын машиналардың маңынан кеңесшілерді өзіңіз іздейсіз, олар ол жаққа ешқашан бармайды", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829104-saualnama-ntizesi-sulpak---servisi-e-nasar-dken-dep-tanyldy/

pixel