Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда тордағы арыстан полицейлердің мазасын қашырды (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде жас арыстанның жеке аймақтағы торда қамалып ұсталғаны туралы видео жайылды. Бейнебаян Маңғыстау облысында жасалған деген болжам бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтауда тордағы арыстан полицейлердің мазасын қашырды (видео)
Видеодан алынған кадр/Lada.kz: UGC

Интернетте жарияланған кадрларда ер адам қорада қамалған арыстанды көрсетеді.

«Қараңдар, жігіттер, Ақтауда Симбаны асырап жүргендер бар екен. Олар арыстанды үйде ұстайды, қараңдар», - дейді видео авторы қазақ тілінде.

Тағы бір ер адам, арыстанның қожайыны болуы керек, 11 қарашада жануардың бір жасқа толатынын айтады. Ол, сонымен қатар арыстанның әкесінің салмағы 250 келі дейді.

Сондай-ақ, ер адам жыртқышты байыппен сипап, алақанын қатты тістемейтіндей етіп соза алды.

Оператор екі Алабай күшіктерін көрсетеді, ал оның фонында "Симба" тұратын торға ұқсас тағы бірнеше торларды көруге болады.

Қорадағы жабайы аң аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлерін қызықтырды, деп жазады Lada.kz аймақтық басылымы.

Қазір кадрларды зерттеп жатқаны және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге бейненің қайда және кім түсіргені анықталу үстінде екені белгілі болды.

Тұтқынға түскен жыртқыштың тағдыры полиция істің барлық егжей-тегжейін анықтаған кезде белгілі болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829173-aktauda-tordagy-arystan-policejlerdi-mazasyn-kasyrdy-video/

pixel