Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға келді (фото, видео)

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға келді. Оны Бішкектегі "Манас" халықаралық әуежайынан қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков қарсы алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Берік Уәли Facebook парақшасынан алынды
Фото: Берік Уәли Facebook парақшасынан алынды: UGC

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған. Сондай-ақ екі елдің көшбасшылары баспасөз үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен бірлесіп "Ата-бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешені мен Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйіне барады", - деп жазды ол.

Ал ертең 28-ші қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына қатысады.

Айта кетейік, бұған дейін Бішкектің орталық көшелерінің біріне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан көшбасшысы Сооронбай Жээнбековтің суреті және "Қырғызстанға қош келдіңіз" деген жазуы бар билборд ілінгенін хабарлаған едік.

Ал қаланың басқа қиылыстарында Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің тулары бейнеленген билбордтар тұр. Олардың ішінде Қазақстан да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829261-tokaev-memlekettik-saparmen-kyrgyzstanga-keldi-foto-video/

pixel