Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жастар жылы: Ақтөбе облысы қандай жетістіктерге жетті

Опубликовано:

Биыл – Жастар жылы. Елбасының тұтас бір жылды «Жастар жылы» деп атап, жүрегінде жалыны бар, ұлты үшін қызмет етуге дайын жастардың үмітін оятты. Бұл жанарында оты, жүрегінде жалыны бар жастардың өзін-өзі дамытуына керемет мүмкіндік. Бір жағынан ел тізгінін ұстар жастарға артылған сенім. Ал екінші жағынан жастардың рухани әлемін байытып, қоғамның келбетін аша түсуге жасалған қамқорлық.

Жастар жылы: Ақтөбе облысы қандай жетістіктерге жетті

Бүгінде Ақтөбе облысында 14-тен 29 жас аралығында 202 685 жас бар, бұл өңір халқының 23,3%-ын құрайды.

Қолжетімді және сапалы білім беру

2019-2020 оқу жылыда Ақтөбе облысында 53 мың студент 6 жоғары оқу орны мен 43 орта арнаулы оқу орындарында білім алуда.

Ағымдағы оқу жылында жоғары оқу орнында 1374 студент, орта арнаулы оқу орындарында 4436 студент мемлекетік тапсырыс бойынша қабылданды.

Былтырғы оқу жылында «Серпін» бағдарламасы аясында педагогикалық мамандығы бойынша өңірдің 3 ЖОО-да барлығы 638 студент білім алып, оның 124-і оқу бітірді. Олардың барлығымен жұмысқа орналастыру бойынша шаралар жүргізілді.

Биылғы оқу жылында аталмыш бағдарлама бойынша барлығы 659 студент білім алса, оның 141 студентті келер жылы жас маман атанып, осы өңірге жұмысқа орналасатын болады.

«Серпіндіктер» жатақхана мен толық қамтамасыз етіліп, ай сайынғы мемлекеттік стипендия беріледі және оқу орнының өкілеттігі рұқсат беретін мөлшерге дейін басқа да жеңілдіктер қарастырылған.

Ақтөбе облысының Жастар жылындағы жетістіктері

2019-2020 оқу жылына жергілікті бюджеттен өңірде білімі бар қажетті мамандарды даярлауға облыс әкімдігінің 100 гранты және Республикалық бюджет есебінен көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 180 білім беру гранты бөлінді.

Яғни, қажетті мамандықтар педагогикалық ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы мен биоресурстар сынды қажетті мамандықтарға бөлінді.

Сонымен бірге, биыл оқу үлгерімі жоғары және облыстың қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысатын талантты, дарынды және әлеуметтік осал отбасынан шыққан студенттер үшін Ақтөбе облысы әкімінің атаулы 177 стипендиясы ЖОО студенттеріне 160 мың теңге, колледж студенттеріне 80 мың теңге көлемінде табысталды.

Жалпы облыс бойынша жоғары оқу орындарына қарасты 4 мың студентті қамтыған 11 жатақхана бар.

Алдағы уақытта «Бәйішев» университеті жанынан 500 орындық жатақхана мен студенттік кампусы (спорт кешені, оқу залы бар кітапхана, акт залы) және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетіне 500 орындық жатақхана құрылысы жоспарлануда.

Жастарды жұмыспен қамту

2019 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша 16 мың жастар жұмысқа орналасты.

Жастар бос жұмыс орындары, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс және уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыс орындары арқылы жұмысқа тартылды.

2019 жылы өңірде жүйелі түрде бос жұмыс орындарына жастарды жұмыспен қамту мақсатында 46 жәрмеңке өткізілді.

Мемлекет тарапынан жастарға үлкен қолдау көрсетіліп келеді. «Дип­­ломмен – ауылға!», «Жасыл ел», «Жас кәсіпкер», «Дипломмен ауылға!» сынды бағдарламалар осының айғағы. Аталған бағдарламалар өңірде сәтті жүзеге асырылуда.
Ақтөбе облысының Жастар жылындағы жетістіктері

Ал осы жылы жастардың жас кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылып, жоба аясында биыл 1204 жас оқытылып, оның 135-і жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін мемлекеттен қайтарымсыз негізде гранттар алып, кәсібін ашты. Сондай-ақ, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1662 жас оқыды.

Биылғы жылы «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбек маусымында өңірдегі жоғары класс оқушылары, студенттер, жұмыссыз санаттағы 4220 жас жұмыспен қамтылды. Еңбек маусымының қорытындысы бойынша үздік деп танылған 80 сарбаз Нұр-Сұлтан қаласына жолдама алды.

Еңбек маусымында «Жасыл ел» жауынгерлері орман шаруашылығында, тас жолдардың жиегіндегі қураған ағаштарды кесумен, талдардың түбін әктеумен және тұрмыстық лас – қоқыстардан тазарту, жол бойында орналасқан жол белгілерін сырлау, қала көшелерінің жол жиегін қоқыстан тазарту, бардюрларды әктеу жұмыстарын атқарса, студенттік құрылыс жасақтары еңбек маусымында қаламыздың ірі мекемелерінде құрылыс, монтаждық және жаңғырту жұмыстарын жүргізді.

Ақтөбе облысының Жастар жылындағы жетістіктері

2019 жылдың республикалық қорытындысы бойынша өңірдің еңбек жасағы «Үздік жетекші», «Үздік сарбаз» номинацияларына ие болды.

Ақтөбе облысы бойынша «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында 2019 жылы 641 жас маманды жұмысқа орналастыру жоспарланса, 10 айдың қорытындысы бойнша ауылдық жерге 596 маман тартылды.

Жұмысқа орналасқан жас мамандарға бір жолғы көлемінде 70 АЕК-ке тең сомада, ал тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - 1 500 АЕК-тен аспайтын сомада бюджеттік несие ретінде беріледі.

Жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй

Биылғы «Жастар» жылына және Ақтөбе қаласының 150 жылдығы орай, жергілікті әкімдік пен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыстық филиалы бірлесе жастарды баспанамен қамту мақсатында «Жастарға қолжетімді 150 пәтер» бағдарламасын жүзеге асырды.

Сондай-ақ, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамымен 14 млн. теңге көлемінде алғашқы жарна төлеу арқылы салған әлеуметтік осал топтағы жастарға 45 пәтер ұсынылды.

Ақтөбе облысының Жастар жылындағы жетістіктері

Еріктілер қозғалысы

Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін Еріктілер қатары облысымызда жыл санап артып келеді. Өңірде студенттер және жұмысшы жастардан тұратын құрамында 1500-ден астам 33 еріктілер топтары қызмет етеді. Еріктілер топтары облыстағы ұйымдастырған іс-шаралардың барлығына дерлік қатыстырылып, олармен тығыз байланыста жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, облыстағы волонтерлік қозғалысын орталықтандыру және күшейту, жастарды волонтерлік рухта тәрбиелеу; еріктілер клубын құру мақсатында «Позитив Like» волонтерлік клубы жобасы жүзеге асырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829333-zastar-zyly-aktbe-oblysy-kandaj-zetistikterge-zetti/

pixel