Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде «Қазақстанды аша отырып» блог-саяхатының нәтижелері белгілі болды

Опубликовано:

Сұлу көрінісімен кез келгенді баурап алуға дайын, бір өзінде тау-тасты, орманды алқаптарды, шексіз, кең даланы сыйдырған мемлекет. Бұл жерде ортағасырлық тарихқа шолу жасап, заманауи әлемнің қызығына малынуға болады. Қазақстанда «Қазақстанды аша отырып» жобасының нәтижелері белгілі болды. Оның аясында мыңдаған аудиториясы бар шетелдік 35 саяхатшы блогер халықаралық блог-саяхатқа қатысып, Қазақстанның сұлулығы жайлы баяндап берді.

17-23 тамыз аралығында «Қазақстанды аша отырып» жобасының аясында 35 шетелдік саяхатшы блогерлер үшін Қазақстан бойынша халықаралық блог-саяхат өтті. Олар үшін ең жақсы 5 маршрут таңдалды. Маршруттардың бірінде саяхатшылар Батыс Қазақстан облысындағы Ақтауға, Бозжыра мен Кендірлі, Кейп Токмак, Қарақия және Түйесу шатқалдары мен алқаптарын аралады.

«Бозжыраның таңғалдырарлық алқабы. Біз өзіміздің шатыр лагерьімізді таулардың біріне тіктік. Ол жердегі көрініс тамаша еді сонымен қатар, негізгі сарқырамалардың біріне жақын орналасқан. Біз күннің батқанын көре алдық. Түсірілім кезінде ай көкжиектен төмен түсіп тұрды. Соның арқасында жақсы сурет жасау үшін осы жарық та жеткілікті болды. Бұл таңқаларлық жайт, тіпті, мың мүмкіндіктің біреуі ғана десе де болады», - дейді саяхатшы блогер Юусо Хамалайнен (Juuso Hämäläinen).

Келесі бағыт Түркістан облысы болды. Ол жерде блог-саяхатқа қатысушылар сәулет ескерткіштерін: Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, Отырар мен Сауранның ежелгі қоныстары, сондай-ақ Ақсу Жабағылы қорығын аралады.

«Егер сіз Қазақстанның тарихы жайлы біліп, халқымен танысқыңыз келсе, міндетті түрде Түркістанға баруыңыз керек. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Қазақстанның ғажайыптарының бірі деуден қорықпаймын. Негізгі құндылықтардың бірі - Тайқазан десе болады, ол жеті металдың қоспасынан құйылған. Сондай-ақ, қабір, кітапхана, асхана, кішігірім мешіт және өзе де бөлмелер бар », - деп пікірімен бөлісті саяхатшы Умит Йорук (Umit Yoruk).

Алматыда және Алматы облысында саяхатшы блогерлер оңтүстік астананың басты көрнекі орындары - Үлкен Алматы көлі, Шарын шатқалы, Қайыңды көлі, Тамғалы-Тас және Алтын Емелге барды.

«Біздің маршрут 6 күнге созылды, мыңдаған шақырым артта қалды. Бұл уақыт Алматы өңірінің барлық сұлулығын тамашалау үшін жеткіліксіз болды деп сенімді түрде айта аламын. 1911 жылы 7,3 балдық жер сілкінісінен кейін пайда болған Қайыңды көлі өз алдына бірегей көрініс. Ол теңіз деңгейінен 2 мың метр биіктікте орналасқан. Көлді аңғарды су басқаннан кейін, онда өскен орман жойылмай, керісінше, таңғажайып көрініске ие болған», - деп атап өтті тағы бір саяхатшы Онур Юксель (Onur Yuksel).

Орталық Қазақстанда блог-саяхаттың қатысушылары Бурабай Ұлттық табиғи паркінде, Ботай-Бурабай ашық аспан астындағы мұражайда болды, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өткен экскурсияға қатысты.

«Нұр-Сұлтанның заманауи сәулеті керемет. Ол сананы таңқалдырып, қуантуды қоймайды. Бір қызығы, қазіргі заманауилығына қарамастан, біз ұлттық дәстүрлер мен мәдениеттің ерекшеліктерін көреміз. Оны қалай біріктіріп, үйлестірілгені таңқалдырады», - деді Луи Коул.

Шығыс Қазақстан бойынша, маршруттың ұзындығы 440 киллометрді құрады. Ол Рахмановтың кілті, Радостный асуы, Берел қорғандары, Катонқарағай ауданы, Коса Вероники сарқырамасы, Зыряновск және Осиновский асуы сияқты көрікті жерлерді қамтыды.

«Қазақстанда сіз табиғатпен үйлесімділікте боласыз. Әсем табиғат, таңғажайып көрініс, беймарал жайылып жүрген асау жылқылар. Мұнда сізді барлығы дерлік шабыттандыра алады. Осындай керемет елмен, қонақжай жандармен қоштасу өкінішті. Бірақ мен бұл жерге қайта оралғым келеді », - деп әңгімеледі Дэниэл Марш (Daniel Marsh).

Айта кетейік, саяхаттың нәтижесі бойынша, блогерлер Қазақстан туралы 2,4 млн қаралым жинаған 57 бейнероли, 146 жазба, 8,6 млн қолданушыларды қамтыған 693 сторрис жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829412-elimizde-kazakstandy-asa-otyryp-blog-saahatyny-ntizeleri-belgili-boldy/

pixel