Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолым жетпеді": Құралай ханым өзін сынаған танымал психологқа жауап берді

Опубликовано:

Танымал коуч Құралай Ошақбаева Аман Тасығанның YouTube-тағы "Нью Олд" бағдарламасына сұқбат берді. Бағдарлама барысында ол әйгілі психолог Анна Құдияровамен кездесіп, маңызды мәселелерді қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандағы әйгілі психолог Анна Құдиярова өз сөзінде коучтардың адамдарға тек сырттай көмектесетінін айтты. Олар тіпті, керісінше, адамардың жанын жаралап қояды екен. Ал оны түбегейлі тек психиолог маман емдейді.

"Сіздер коучтар, өздерін психолог деп атағандар, косметикалық ремонт жүргізесіздер. Ал бізге келген бірең-сараң адам тап ремонт деп келеді. Сонда біз оның санасын түбегейлі өзгертуге тырысамыз. Бірақ өзгертетін әрине, оның өзі", - дейді психолог маман.

Құралай Ошақбаева болса өз сөзінде тұрмыс құрғаннан кейін қиындықтарға тап болғандықтан арнайы маман іздей бастағанын айтты. Ол талай рет Анна Құдиярованың көмегіне жүгінбек болған. Алайда сол күйі кабинетінің табалдырығынан ары аса алмаған.

"2000 жылдары өзім қатты қиналдым. Қазақтардан психологтарды іздедім. Сізге бардым қанша рет. Сізге жете алдым. Бардым, іздедім, таппадым. Өйткені бұл кісі үнемі сабақта. Қолым жете алмады. Себебі сіздерге қол жеткізу қиын.
Психологиялық кітаптарды көп қазақ түсінбейді. Сол үшін мен психоанализді: Құралай Талғатқа былай айтты, Талғат Аманға былай деді деп түсіндіремін", - дейді коуч.

Сондай-ақ, Құралай ханым псиохологтардың көмек іздеп келген адамдарды өздеріне байлап алатын әдеті үшін оларды ұнатпайтынын алға тартты.

"Мен негізі психологтарды не үшін ұнатпаймын: олар жылдап өздеріне отырғызып қояды. Бір барсаң, ол кісіден шығу қиын. Өмір бақи соған байланып, бағынышты болатындай. Мен қыздар бір-екі жылда менің атымды ұмытып қалса екен деймін", - деді Құралай ханым.

Сонымен қатар, коуч екі-үш айда психологиялық тренингтер жүргізетінін айтты. Оның сөзінше, одан ол 2-3 миллион теңге табыс көреді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829422-kolym-zetpedi-kralaj-hanym-zin-synagan-tanymal-psihologka-zauap-berdi/

pixel