"Астана" - "Манчестер Юнайтед" тарихи кездесуі қалай өтті (фото, видео)
Опубликовано:
28-қараша күні кешке, ел астанасы өз алаңында аңызға айналған "Манчестер Юнайтед" футбол клубын қабылдады. Қазақстандық футбол үшін тарихи кездесу "Астана" құрамасының жеңісімен аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Матч Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында өткен.

Ойын бастала салысымен алаңда басымдықты қонақ команда көрсеткен. Оныншы минутта "қызыл сойқандар" есеп ашты. Қазақстан қақпасына Джесси Лингард гол соқты.

Ал қазақстандықтар екінші тайм басталған сәтте өз-өздеріне келді. 55-минутта "Астана" бірінші гол соқты. Есепті теңестірген Дмитрий Шомко.

Британдықтар қақпасына соғылған екінші гол ойынның 62-минутында тіркелді. "Манчестер Юнайтед" командасының қорғаушысы Дишон Бернард өз қақпасына гол соғып алды.

Қорытынды нәтиже бойынша отандық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Енді Еуропа Лигасының турнирлік кестесінің L тобында "Астана" командасымен үш ұпаймен төртінші орынға жайғасты. Ал бірінші орында "қызыл сойқандар" алып отыр. Олардың еншісінде 10 ұпай бар.


Айта кетсек, қыркүйек айының соңында қазақстандық клуб ағылшын командасымен кездескен болатын. Кездесу Манчестер қаласында өтіп, "Манчестер Юнайтед" жеңіске жеткен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829633-astana---mancester-unajted-tarihi-kezdesui-kalaj-tti-foto-video/