Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтелеком мен Kcell Ritz Carlton аумағында 5G пилоттық желісін іске қосты

Опубликовано:

"Қазақтелеком" АҚ "Kcell" АҚ-мен бірге Алматы қаласындағы Ritz Carlton қонақ үйінің аумағында 5G пилоттық аймағын іске қосты. Компаниялар 2019 жылы 27 қарашада AIF 2019 халықаралық инвестициялық форумы өтіп жатқан Ritz Carlton қонақ үйінде 3,5 ГГц диапазонында 5G пилоттық желісімен indoor-қамтуды ұйымдастырды. 5G пилоттық аймағы Қазақстанда бекітілген 5G тестілеу жоспарына сәйкес құрылған.

Қазақтелеком мен Kcell Ritz Carlton-ның аумағында 5G пилоттық желісін іске қосты

5G пилоттық аймағы non-Standalone (NSA) режимінде C-band диапазонында (3,5 ГГц) іске қосылды, бұл 5G базалық станциясының қолданыстағы LTE желісіне қосылғандығын және Kcell желісінің ядросына біріктірілгенін білдіреді.

"Бүгін біз Қазақтелеком мен Kcell инфрақұрылымында кезекті 5G пилоттық аймағын іске қостық. Қонақ үй мен халықаралық инвестициялық форум қонақтары 5G технологиясының мүмкіндіктерін көріп, 5G желісі арқылы дауыстық және видеоқоңырау шалып, 3G / 4G желілерімен салыстырғанда 5G желілеріндегі жылдамдық пен кідірістердегі айырмашылықты сезіне алды. Аталған 5G пилоттық аймағы біздің 5G тестілеу жоспарымыздың жалғасы болып табылады. Бұған дейін ағымдағы жылдың қазан айында біз Astana Hub аумағында тұрақты негізде 5G пилоттық аймағын ұйымдастырғанбыз. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында және Алматы облысында 5G далалық тестілеуін әртүрлі жиіліктер диапазондарында және әртүрлі терминалдық жабдықтарды пайдалана отырып өткіздік", - деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.

5G технологиясы жоғары жылдамдығымен (eMBB), үлкен сыйымдылықпен және төмен кідірісті (URLLC) өте сенімді қосылумен және әртүрлі тапсырмалар үшін IoT құрылғыларын жаппай қосудың мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Қазақтелеком мен Kcell Ritz Carlton-ның аумағында 5G пилоттық желісін іске қосты
"Қазіргі уақытта Kcell желілік жабдықтарында 5G технологиясының сүйемелдеуі бар. Осы пилоттық аймақ аясында біз осы дайындықты көрсеткіміз келеді. 5G компанияның дамуындағы стратегиялық басымдық болып табылады, өйткені мобильді желілер жылдамдығындағы айқын бәсекелестік артықшылықтардан басқа технология көлік инфрақұрылымын цифрлаудан ақылды қалалар мен индустрияға дейін түрлі бизнес-міндеттерді шешу үшін біздің мүмкіндіктерімізді кеңейтеді", - деп хабарлады "Kcell" АҚ Басқарма Төрағасы Каспарс Кукелис.

5G желілері мобильді байланыс қызметтерін ұсыну және халықтың Интернетке қол жеткізуі үшін де, IoT кейстері үшін де, "ақылды" қала, "ақылды" өндіріс және басқа да қолданыстар үшін де пайдаланылатын болады. Іс жүзінде 5G желілері компаниялардың сандық трансформациясы мен сандық экономиканы дамыту үшін негіз болады.

"Біз 5G NR жабдығын RAN-бөлікте (AU+RRU аралас шешімі, сондай-ақ BBU) қонақ үйде пилоттық 5G NR желісін өрістету үшін пайдаландық. Бұл пилоттық 5G NR желісі С-band-де әлемдегі ең ұсынылатын және танымал 3,5 ГГц радиожиіліктер диапазонында өрістетілді. Біз 5G nr базалық станциясының қолданыстағы LTE Kcell желісіне кірігуін қамтамасыз еттік, яғни 5G пилоттық желісі LTE желісінің қолданыстағы ядросын пайдалана отырып, NSA (Non-Standalone) режимінде өрістетілді. Терминалдық жабдық ретінде біз 5G құрылғыларының бірнеше түрін, оның ішінде 5G смартфонын және 5G модемді қолдандық. Тестілеу кезінде біз деректерді беру жылдамдығына 1,2-1,3 Гбит/с деңгейінде тұрақты қол жеткіздік, ал орташа желілік кідірістер шамамен 7-8 МС құрайды, бұл eMBB және URLLC үшін күтілетін нәтижелерге сәйкес келеді. Бұл пилоттық аймақ Қазақстандағы біздің жетінші 5G далалық тестілеуіміз болып табылады. Алайда, Қазақтелеком тек 5G техникалық мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар 5G технологиясының басқа да аспектілерін де белсенді зерттейді. Осылайша біз Қазақстанда 5G техникалық, реттеушілік, қаржы-экономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық және басқа да аспектілерді қарастыратын 5G дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмысты бастадық. Біз 5G үшін радиожиіліктері болған жағдайда 5G коммерциялық пилоттық аймағын іске қосуға дайынбыз", - деді "Қазақтелеком" АҚ инновация жөніндегі Бас директоры Нұрлан Мейірманов.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829711-kazaktelekom-men-kcell-ritz-carlton-aumagynda-5g-pilottyk-zelisin-iske-kosty/

pixel