Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лаңкестік ұйымның құрамында болған азаматтар қандай жазаға кесілуі мүмкін

Опубликовано:

Сириядан қайтарылған 14 қазақстандықтың әрқайсысы 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыралуы мүмкін. Нұр-Сұлтанда өткен сот отырысында прокурор Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым құрамында болған азаматтарға осындай жаза сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото:pixabay.com
Көрнекі фото:pixabay.com: Getty Images

Телеарнаның мәліметінше, қауіпсіздік шарасының күшейтілуіне байланысты, сот отырысы колония ішінде өткен.

Айыпталушылардың арасында ДАИШ-тың қатардағы жауынгерлерімен қатар, "әмір" шеніндегі командирлер де бар.

Ал бір азамат тұтқындарды жазалау рәсімін телефонға түсіріп, желіде таратқаны үшін сотталып жатыр.

Дегенмен айыптаушылар өздеріне тағылған айыптың басым бөлігін мойындағысы келмейді деп хабарлайды телеарна.

Айта кетсек, "Жусан" операциялары арқылы Сирия соғысына кеткен 595 қазақстандық елге жеткізілген еді. Оның 400-ден астамы – балалар.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған гуманитарлық акция нәтижесінде Ирак түрмесінде өз аналарының жанында жатқан 14 қазақстандық бала елге қайтарылған болатын.

Кейін бұған қатысты Балалар омбудсмены Аружан Саин пікір білдіріп, Қазақстанға оралған балалар жайлы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829829-lakestik-jymny-kramynda-bolgan-azamattar-kandaj-zazaga-kesilui-mmkin/

pixel