Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігіттер дұрыстап ойнаңдаршы": Отандық футболшыларға өтініш айтқан балақай желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық жасөсіпірім "Астана"- "Манчестер Юнайтед" матчы кезінде отандық футболшыларға арнап видео түсірген. Ол бейнежазбасында қазақстандық аяқдопшылардан ұятқа қалдырмай, жақсылап ойнауды өтінген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан
Кадр видеодан: Depositphotos

Кішкентай футбол жанкүйерінің видое үндеуі Instagram-дағы парақшасында пайда болған.

Ол бейнежазбаны "қызыл сойқандар" бірінші есеп ашқаннан кейін жазса керек.

"Айтыңдаршы жігіттер бізге неге нашар ойнаймыз. Жігіттер, дұрыстап ойнаңдаршы! Кезекті рет ұтылып жатқанымызды көру мен үшін ұят. Мен сіздерден өтінем, дұрыстап ойнауды үйреніңдерші. Мен сіздерге үш жасымнан бері жанкүйермін", - дейді видео авторы.

Еске сала кетейік, 28 қараша күні Нұр-Сұлтанда "Астана" командасы мен әйгілі ағылшын клубы "Манчестер Юнайтед" арасында тарихи матч өтті.

Бұл ойында қазақстандықтар сенсация жасап, "қызыл сойқандарды" 2:1 есебімен жеңген болатын.

"Астананың" жеңісі туралы әлемдік БАҚ жарыса жазып, тіпті "МЮ" жанкүйерлері жеңілісті қалай қабылдағанын да айтып берген.

Пікір жазушылардың бірі ағылшындық команданың бас бапкері отставкаға кетуі керек деп есептесе, енді бірі жеңіліске аса қатты мән бермеген.

Кейбір желі қолданушылар Оле Гуннар Сульшер жас ойыншыларды алаңға жайдан жай шығармаған деп есептейді. Олардың ойынша, жаттықтырушы ойыншыларды болашақта өтетін салмақты матчтарға дайындауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829846-zigitter-drystap-ojnadarsy-otandyk-futbolsylarga-tinis-ajtkan-balakaj-zelini-zardy-video/

pixel