Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісайда мектеп оқушысы құрдасының басына пышақ сұғып алған

Опубликовано:

Түркістан облысының полиция қызметкерлері мектеп оқушыларының арасында болған жанжалға қатысты тергеу жүргізуде. Жасөспірімдердің бірі араздасқан құрдасының басынан пышақпен ұрған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Аталған факт Жетісай аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция күдіктіні анықтап, қамауға алды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда", – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Караван" басылымының мәліметінше, оқиға Жетісай ауылында орын алған.

Екі мектептің оныншы сынып оқушылары арасында жанжал туған. Олардың біреуі екіншісінің басынан пышақпен ұрған.

Зардап шегуші ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оны құтқаруға тырысып жатыр.

Белгілі болғандай, жасөспірімнің басындағы пышақ жарақаты шамамен 7 сантиметрді құраған.

Еске сала кетейік, бір апта бұрын Павлодарда мектеп оқушылары төбелесіп қалып, нәтижесінде біреуі пышақ жарақатын алған болатын.

Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының айтуынша, екі мектептің оқушылары жаға жыртысып қалған. Олардың біреуі төбелес кезінде пышақ шығарған. Нәтижесінде 2004 жылы туған жасөспірім облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830455-zetisajda-mektep-okusysy-krdasyny-basyna-pysak-sgyp-algan/