Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Іш киімім жоғалады": Енесі сыртынан дуалаған келіншек жұрттан көмек сұрады (видео)

Опубликовано:

"Астарлы ақиқат" бағдарламасына көмек сұрап келген келіншек күйеуімен айрылысқаннан кейін екі баласына зар болып қалғанын айтты. Оның сөзінше, күйеуі балаларды көрсетпей, тіпті, әйел адамды психиатриялық ауруханаға жатқызғанын сөз етті деп жазады KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

"Іш киімім жоғалады": Енесінің дуасынан үйден шығып кете беретінін айтқан келіншек көмек сұрап отыр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Келіншектің анасы бағдарлама барысында тоғыз жыл отасқан қызының күйеуінен қашып, төркініне келгенін сөз етті.

Балаларын о баста әкесімен қалдырып кеткен ол енді балаларын өзіне ала алмай жүр.

"Үш баласы бар. Үлкені ДЦП менің қолымда. Қалған екеуі 9 және 3 жаста. Әкесімен бірге тұрады", - деген анасы өз қызын күйеу баласы мен құдағиы ауруханаға жатқызды деп отыр.

Келіншек күйеуінің қалауымен психоневрологиялық орталықта екі рет емделіп шығыпты.

"О баста мұны күйеуі, енесі, келіні Байқоңырдың неврологиялық ауруханасына жатқызған", - дейді ол.

Жарқын Бипенова өзінің ауруханаға жатуына күйеуі мен өзіне дуа жасаған енесі кінәлі екенін алға тартты. Айтуынша, оның іш киімдері мен жеке заттары жоғалып кете берген.

"Екі рет күйеуім ауруханаға жатқызды. Бірақ ешқандай жүйке жүйесімен ауырмаймын. Мені алдап апарды. Әбден шаршағанмын. Ұйқы жоқ. Түнде шошынып оянатынмын. Дуаның кесірінен болар, таңертең үйден шығып кететін болдым. Енем баласымен мені бөлек шығарғысы келмей осылай жасаған. Іш-киімдерім, суреттерім жоқ болып кетеді, содан білдім", - дейді келіншек.

Бағдарламаға келген экстарсенс келіншектің күдігін растады. Ол әйел адамға шынымен де дуа жасалғанын айтты. Ол тіпті, дуаны кім жасағанын айтып берді.

"Оның артында үлкен негатив бар. Оның басында қандай жағдай болып жатқанын тексеру үшін айналаға шам жаққанда ода дуаның бары байқалды. Бірақ ол дуа арқасынан келіп тұр. Демек, ол адам әйелдің бетіне күліп, артынан іс бітіріп жүр.
Бойы қысқа, толық әйел дуа жасаған. Заттарын ұрлап жүр. Өте көп сөйлеп, бетіне күледі. Әдетте бұл қара сиқыр арқылы жасалады. Ол заттарды жерге не зиратқа апарып жерлейді. Сонда адам есінен ауысып, ауырып, отбасынан алыстайды немесе отбасын тезірек ажырастыру үшін заттарды өртейді", - деді көріпкел.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830498-is-kiimim-zogalady-enesi-syrtynan-dualagan-kelinsek-zrttan-kmek-srady-video/

pixel