Instagram желісіне енген жаңа өзгеріс елді елең еткізді
Опубликовано:
Instagram әлеуметтік желісі бұдан былай қауіпсіздік мақсатында аккаунт ашу кезінде қолданушының жасын сұрайтын болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісі ресми түрде хабарлады.
"Бүгінгі күннен бастап Instagram-да аккаунт ашу барысында туған күнін сұрауды бастаймыз. Біздің қолдану шарттарымызға сәйкес, көптеген елдерде өзіңіздің жеке парағыңыз болу үшін кем дегенде 13 жаста болуыңыз керек", - делінген баспасөз қызметі.
Жеке мәліметтер басқа қолданушыларға көрінбейтіні де хабарланды. Әлеуметтік желі өкілдерінің сөзінше, мұндай жаңашылдық балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың артық ақпараттардан қорғамақ.
Сондай-ақ, Instagram желісінің жаңа талабында қолданушы өзіне хабарлама жіберетіндер тізімін реттей алады. Яғни қолданушылар өздеріне жазылмаған адамның жіберген хабарламаларын көрмейді.
Айта кетсек, Instagram әлеуметтік желісі - фото мен видео алмасатын қосымша. Ол Марк Цукербергтің Facebook компаниясының меншігі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830557-instagram-zelisine-engen-zaa-zgeris-eldi-ele-etkizdi/