Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйіңізді кедейліктен, берекесіздіктен сақтайтын ырымдарды білесіз бе

Опубликовано:

Халқымыз ертеден-ақ ырым-тыйымдарға қатты мән береді. Олардың ішінде бүгінге дейін маңызын жоғалтпаған, әжелеріміз ескертіп отыратын ырымдар бар. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Ernur.kz-ке сілтеме жасап үйіңізді жамандықтан, кедейліктен, берекесіздіктен қорғайтын ырымдарды ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Босағаңызға кәрі жілік іліп қойыңыз

"Кәрі жілікте қасиет бар". Әрбір үйдің босағасында кәрі жілік байлаулы тұру керек. Бұрынырақта үлкендер "Кәрі жілікте шаңырақтың құты болады. Оны біреуге бермейді" деп айтып отыратын болған. Көбінесе үй иесінің сыбағасы ретінде сақталып, той тарқаған соң етін мүжіп, сүйегін босағаға байлайды. Кәрі жілік – босағағаа береке, шаңыраққа шаттық, құт-ырыс дарытады деген сенім бар.

Үйіңіздегі сыпыртқыны тұрғызып қоймаңыз

Бүгінде сыпыртқыны қолданатындардың саны өте аз. Әсіресе, көпқабатты үйде тұратын қалалық келіншектер қолына сыпыртқы ұстамайды. Ал жер үйдің келіншектері керісінше сыпыртқымен жақын дос. Күніне бір рет болса да сырласатыны анық. Міне, осы сыпыртқыны қолданып болған соң тұрғызып қоятындарды талай рет көрген боларсыз. Ұсақ-түйек деп мән бермегенімізбен, мұның да айтарлықтай мәні бар екен. Осы тік тұрған сыпыртқының өзі шаңырағыңызға келетін жақсылықты кері қайтаратын көрінеді.

Сынық айнаны сақтамаңыз

Бұрындары қазақтар айнаны көп қолданбаған. Ал бүгінде керісінше бір қабырғасын айнамен жалтыратып қоятындар бар. Сәнге айналған қиық айна құтыңды қашырып жатыр десе ешкім сене қоймас. Өйткені сынық айна жақсылық шақырмайды. Кішкентайлар үркіп қарайтын, қорқынышты көрінеді. Айнаның бетін тазалап, мейлінше қараңғы түскен кезде бетін жұқа матамен жауып қоюды әдетке айналдыру керек.

Ыдысты жумай ұйықтамау

Бір рет болса да жуылмаған ыдыстың бетін майлықпен жауып, тазалауды таңертеңге қалдырған боларсыз. Бұлай жалқаулыққа салынуға болмайды екен. Өйткені, құт пен береке, байлық пен ынтымақ үйдегі үш жерге жасырылған:

  • Біріншісі - босағада
  • Екіншісі - ыдыста
  • Үшіншісі - пейілде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830560-jiizdi-kedejlikten-berekesizdikten-saktajtyn-yrymdardy-bilesiz-be/

pixel