Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақыл-ойы тежелген": 8 жасар қыз секілді көрінетін 19-дағы арудың анасы елден көмек сұрауда

Опубликовано:

19 жастағы қызынының Шерешевский-Тернер синдромымен ауыратынын айтқан көпбалалы ана мейірімді жандардан көмек сұрап отыр. Келіншектің сөзінше, сырт көзге 7-8 жасар болып көрінетін қызының көптеген сәтсіз оталардан кейін енді шетелден ем алуы қажет екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Астарлы ақиқаттар
Фото: Видеодан кадр: UGC

Қарлығаш Сайлаубаева КТК арнасындағы Астарлы ақиқат бағдарламасына қонаққа келді.

Әйел адамның сөзінше, қызы Алтынай 900 грамм болып дүниеге келген. Ол мектепке барып, қатарластары секілді қолына қалам алып жазып көрмеген.

"Төрт балалалы анамын. Тұңғышым - Алтынай. Басқалары сау. Алтынай 900 грамм болып туды. О баста невропотологтар психикалық дамудың тежелуі деген диагноз қойып, сонымен 10 жасқа дейін жүрдік. Ол мектеп барған жоқ. 4 жасында жүріп, 6 жасында ғана сөйлей бастады...Баланың ақыл-ойы тежелген. Енді есту қабілеті нашарлап барады. Осы уақытқа дейін екі рет ауыр ота жасалды", - дейді ол.

Қарлығаш сәбиін 7 айға толмай мерзімінен бұрын босанғанын сөз етті. Айтуынша, дәрігерлер шала туған сәбидің екі сағат өмір сүретінін де болжапты.

"5,5 ай болып дүниеге келді. Толғағым келіп, өзім босандым. "Баланы маған көрсетіңіздерші" деп едім, босандырып алған гинеколог: "Басың жас, ондай баланы не қыласың? Екі-ақ сағат жататын сәби, оны саған көріп те қажет жоқ" деді. Мен сол жерде шу шығардым", - деп жан сырын ақтарды келіншек.

Әйел адамның сөзінше, о баста дәрігерлер қыз балаға даун синдромын қойған. Алайда көп ұзамай генетиктердің сараптамасы оның шын мәнінде Шерешевский-Тернер ауыры екенін анықтаған.

"Эндокринолог маман адам ұрпағын дамыту орталығына барып, кариотипке анализ тапсырасуымызға кеңес берді. Екі аптадан кейін генетикке барған едік, ол бізде 46ХХ хромосомасы барын айтты. Төбем көкке жеткенімен, дәрігер маған қуанудың ерте екенін, баланың Шерешевский-Тернер ауруымен ауыратынын атып, түсіндірді. Яғни, балада әйел гормондары жоқ. Жатыры жоқ", - дейді Алтынайдың анасы.

Белгілі болғандай, жалпы бұл әлемде сирек кездесетін ауру. Мәселен, Қазақстанда үш, ал әлемде төрт мың бала осы синдромға шалдыққан.

Сондай-ақ, Шерешевский-Тернер синдромы адамның ақыл-ойы мен физикалық дамуына тұсау салады екен.

Әйел адамның сөзінше, ол баласының емін енді шетелден іздемекші. Себебі отандық дәрігерлер аурудың емін таба алмай отырған көрінеді.

"Алтынайды шетелде емдеткім келеді. Баланың 50 пайыз тік ішегі жоқ. Ана мен бала орталығында 9 сағат ота жасалды. Баланың тік ішегі асқазанының сол жағына доп сияқты болып жабысып қалыпты. Асқазаны үрленіп кете береді", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830659-akyl-ojy-tezelgen-8-zasar-kyz-bala-sekildi-krinetin-19-dagy-arudy-anasy-kpsilikten-kmek-srauda/

pixel