Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхтар Тайжан: Неге "ауызашарды" "ифтар" дейміз

Опубликовано:

Бүгінде ел ішінде қазақы сөздерді арабша айту сәнге айналғандай. Мәселен "ауызашарды" "ифтар", "бауырымды" "ақи", "құдайға шүкірді" "әлхамдулилла" дейтіндер көбейген. Осы орайда белгілі саясаткер Мұхтар Тайжан мұндай жаңашылдыққа қарсы шықты. Ал дін саласындағы мамандар болса қоғам белсендісінің пікірін қолдап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мұхтар Тайжан. Фото: facebook.com/mukhtar.taizhan
Мұхтар Тайжан. Фото: facebook.com/mukhtar.taizhan: Facebook

Саясаткер Мұхтар Тайжан қарапайым пенде ретінде дін туралы ойланған. Неге бүгінгі кей мұсылман "құдайға шүкір" дегеннің орнына "машалла, ал "ауызашарды" "ифтар" деп жүр деп толғанады.

Ол көпшілікке өзінің Facebook парақшасы арқылы "Құдыреті күшті Алла адамды қай тілде де сөйлесе де ұғады емес пе?" деген сұрақ қойған.

"Мәселе мынада. Қазіргі таңда замануи исламизацияны пайдаланып кейбіреулер қазақты шын мәнінде арабтандыруға шақырып отыр. Он ғасыр бойы исламда жүрген қазақты исламмен қайта таныстырғысы келеді. Сонда Яссауи, Бұқар жырау, Бекет, Мәшhүрді жоққа шығаруымыз қажет пе?
Жоқ, әрине. Біз орыстандыру саясатынан әрең аман қалып, енді арабтандыру саясатына батып кетпеуіміз жөн. Қазақтар Алламен қазақша сөйлесе де Алла бізді ұғады дегенге сенемін. Өйткені Алла адамды кез келген тілде түсінеді. Алла біздің жүректерімізде. Ал жүрегіміз қазақ болып қала беру керек", - деп жазды қоғам белсендісі.

Бұл үрдіс жайында дінтанушынылар да пікірі қоғам белсендісіне саяды. Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманғалиеваның сөзінше, ислам қазақ тіліне икемделіп, өзгерістерге ұшырап отырған.

"Ислам қазақ жерін келгеннен бастап сөз ассимиляцияға ұшырап, қазақтың тіліне икемделіп, бейімделе отырып сондай өзгеріске ұшырап отырған. Ол біздің төл мәдениетімізге жақын ба деп есептеймін. Осы ретте әрине қазақтың өзінің төл мәдениетінде қалыптасқан мағынасында дыбысталуында пайдаланса дұрыс деп есептеймін", - дейді дінтанушы.

Парламент қабырғасында келелі мәселелерге қатысты пікірін бүкпей айтатын сенатор Мұрат Бахтиярұлы дін әуел баста әркімнің сенген құдайымен жеке байланысы екенін жеткізді. Сондықтан, әр нәрсенің ара жігін ажырата алуымыз керек деген пікірде.

"Дін өте нәзік нәрсе ғой. Сондықтан бір елдің әдет-ғұрып, салт дәстүрін бізге әкеліп теңеу мүлде дұрыс емес. Ол сөздер не сыртқы киім болатын болса, біздің өзіміздің қазақи дәстүрлеріміз бар. Біз осымен жүруіміз керек. Ал дін, ислам ол әр адамның жүрегіндегі дүние ғой. Сондықтан сөздерге еліктеп, араб сөздеріне еліктеп, киіміне еліктеу ол әсірешілдік деп есептеймін", - деді сенатор.

Құдайға сеніп, намаз оқу, мұсылман болу - қасиетті Құранда парыз саналады. Бірақ, онда араб құсап киін, соның тілінде сөйле деп жазылмаған. Ал Мұхтар Тайжанның пайымына қатысты діни басқармадағылардың да өз айтары бар. Тәжірибелі мамандар мұндай жағдайдың барын біліп отыр. Және Құраннан мынадай мысал келтірді.

"Бауырым" деген бізде қазақта сөз бар. Әдемі, керемет сөз! Оны бірақ аударып "ахи" деген сияқты, қыз балаға "ухи" деген сияқты. Өзіңіз айтқан "ифтар" дегенді бізде "ауызашар" деп айтады. Қазақтың ұғымында қалыптасқан сөздер. Оны ауыстырғаннан пайда жоқ. + Құран Кәрімде айтады ғой: "Біз сендерді ұлыс-ұлыстарға бөлдік дейді.
Ұлт-ұлттарға бөліп жараттық дейді". Олай жаратудағы мақсат әр ұлттың өз мәдениеті бар, тілі бар дәстүрі бар деген сөз. Яғни, егер адам тілінен, дәстүрінен, мәдениетінен айырылатын болса, ол өткенінен айырылған болып саналады. Сондықтан тіліне, шама келгенше тазалығына мән берген дұрыс", - дейді ҚМДБ насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Хамзат Қажымұратұлы.

Анық осылай жазылып тұрса кей мұсылмандар неге шатасып жүр? Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Ерхан Талғатұлының айтуынша, кейбір бауырларымыздың дінге деген махаббат эмоциясы діни білімсіздікпен ұштастып кетіп жатыр.

"Кейбір мұсылман бауырларымыз араб тіліне, дінге деген махаббат эмоциясындіни білімсіздікпен ұштастыру болып жатыр. Бұның негізі дұрыс емес. Түрлі мемлекеттер болса оның тілі де әртүрлі болады. Осыны білген ата-бабамыз өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деп айтып кеткен. Тіл мәселесі болады. Кей бауырларымыз әнұранды мойындамай жатыр. Көк туымызды мойындамай жатыр. Сондай-сондай әсерлерге апарады", - дейді Ерхан Талғатұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830664-mhtar-tajzan-nege-auyzasardy-iftar-dejmiz/

pixel