Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық боксшы көз арбасу рәсіміне қазақтың ою-өрнегі бар костюммен шықты (фото)

Опубликовано:

Ауыр салмақтағы америкалық боксшы Майкл Хантер ресейлік спортшы Александр Поветкинмен көз арбасу кезінде сахнаға қазақтың оюы түскен костюмді киіп шықты. Былғары қолғап шеберінің мұндай әрекеті жанкүйерлерін таңғалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ге сілтеме жасап.

Көз түйістіру рәсіміне шапан киіп шыққан америкалық боксшы Казнетті жарды
Фото: instagram.com/vestikzsport: UGC

Боксшылар мексикалық Энди Руис пен британиялық Энтони Джошуа реванш андеркардында жұдырықтасар алдында көз арбасты.

Сауд Арабиясында өткен шараға АҚШ-тың танымал боксшысы Майкл Хантер қазақтың ұлттық ою-өрнектері бейнеленген сәнді қою жасыл түсті костюм киіп келді.

Боксшының оюлы костюм киіп тұрған суреті әлеуметтік желілерге бірден тарады.

Ол Қазнетте қызу талқыға түсіп, қазақстандық бокс жанкүйерлері Майкл Хантердің Instagram ресми парақшасында қызықты пікірлер қалдырған.

"Сәлем Майкл! Мына күртешені қайдан алдың? Бұл қазақтың шапаны емес пе" , "Қазақстаннан сәлем", "Сәттілік тіледік саған", "Қазақша стиль, сондай керемет", "Қазақ елінен сәлем, біз сені қолдағымыз келеді", "Керемет, бұл қазақша стиль ғой" , - деп жарыса жазды олар сурет астына.

Алайда анықталғандай, бұл Араб елінің оюлары болып шыққан. Хантер осы шапанды киіп, араб еліне деген құрметін білдірмек болған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830986-amerikalyk-bokssy-kz-arbasu-rsimine-kazakty-ou-rnegi-tsken-kostum-kiip-sykty-foto/

pixel