Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Робот-оператор банкке жұмысқа орналасты

Опубликовано:

Бүгінде роботтар күнделікті өмірдің маңызды бөлшегіне айналды. Енді олар қаржы саласына да белсенді түрде кірісуде. Жақында ғана Еуразиялық банк робот пайдалана бастағанын хабарлады. Қаржы институты роботты не үшін жұмысқа алды және ол банк қызметін қала өзгертетінін анықтайық.

Робот-оператор банкке жұмысқа орналасты

Банкте хабарлағандай, жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі жаңа робот-қызметкерлер несие бойынша мерзімін өткізіп алған қарыз алушыларға телефон арқылы қоңырау соғумен белсенді айналысып жатыр. Олар клиентке хабарласып, қарызы туралы ақпаратты айтады және оны өтеу уақытын еске салады. Бірақ, соның арқасында ЖИ роботтар клиенттермен дәйекті түрде диалог жүргізіп, келісімшарттарды белгілейді және несие мерзімін өткізіп алу себептерін анықтайды. Бұл ретте ол клиенттің қарым — қатынас тіліне, яғни, қазақ немесе орыс тіліне автоматты түрде қайта құрыла алады. Ал бұл клиенттерді қанағаттандыру деңгейін арттырады.

Алғашқы роботтар Еуразиялық банктің Soft collection бөліміне енгізілді және қоңырау шалу бойынша әдеттегі жұмысты өз мойнына алды. Нәтижесінде, жұмыстың алғашқы айында "жаңа қызметкерлер" автоақпараттандырғыштарға және тірі операторларға қарағанда әлдеқайда жоғары тиімділікті көрсетті. Банкирлердің бағалауы бойынша, клиенттер өз тарапынан роботқа жылы қарайды, өйткені әңгіме барысында ол әрдайым мейірімді және дауыс көтермейді. Шынында да, роботтар клиенттерге дөрекілік танытуға және қорқытуға бейім емес, олар шаршамайды, ауырмайды және кәсіби күйіктен зардап шекпейді.

Дүние жүзіндегі компаниялар көптеген операцияларда ЖИ қолдану мүмкіндігін қарастыруда. Forrester компаниясының болжамы бойынша, 2021 жылға қарай төрт миллионнан астам робот әкімшілік жұмыстар атқарады, сату және басқа да міндеттерді орындайды. Бірақ компанияның жаңа есебінде адамдар роботтармен қатар жұмыс істейтіні, сондықтан болашақ жұмыссыздықты болжау әлі ерте екені, ал роботтарды қолданудың артықшылықтары зор екені айтылуда.

Компания тарапынан мұндай қызығушылық ақталды. Себебі, роботқа түскі үзіліс қажет емес, ол темекі шегуге шықпайды және стресске төзімді. Клиенттердің ыңғайлылығы үшін робот Web-сервистермен және дерекқорлармен оңай интеграцияланады, сондықтан барлық сұрақтарға жауаптарды біледі.

Банк мұнымен тоқтап қалмайды және жасанды интеллектінің қолдану аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Уақыт өте келе роботтар дистанциялық сатуларға, банктің анықтамалық қызметтеріне, клиенттердің адалдық деңгейін анықтауға арналған сауалнамаларға және басқа да біртектес операцияларға кіріседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831056-robot-operator-bankke-zmyska-ornalasty/

pixel