Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Нью-Йоркте ұсталған "қазақстандық қылмыскер" туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Нью-Йорк полициясы Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне ұсталған "қазақстандық қылмыскерге" қатысты ресми растама берген жоқ. Осыған дейін БАҚ-та АҚШ-та құрықталған шетелдіктер арасында қазақстандық азамат бар екені хабарланған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

CІМ өкілі Айбек Смадияров хабарлағандай, Нью-Йорк полициясы әлі Қазақстан азаматының ұсталғаны туралы ресми ақпарат берген жоқ.

Белгілі болғандай, АҚШ-та заңсыз мигранттарды анықтау бойынша рейдтер жиі жүрігізіледі. Дегенмен, кейде рейд уақытында шетелдіктерді ұстап, артынша қосымша тексерістен кейін жібере салатын кездер де жоқ емес.

"Америка Құрама Штаттары полицейлері біздің азаматтарды ұстап, егжей-тегжейді анықтаған соң дипломатиялық өкілдерді хабардар етпей-ақ жібере салатын кездері болады",- деп мәлімдеді СІМ-де.

Айта кетейік, Америка Құрама Штаттарының иммиграциялық және кедендік полициясы Нью-Йоркте Қазақстан билігі іздеген қылмыскердің ұсталғандығы туралы хабарлады.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, елде өткізілген 5 күндік операция нәтижесінде тәртіп сақшылары Нью-Йоркте елдің иммиграциялық заңдарын бұзған 12 шетелдік азаматты ұстаған. Олардың барлығы қамауға алынды. Полицияның хабарламасында айтылғандай, тұтқындалғандардың бәрі Нью-Йоркте өз елдеріндегі сот төрелігінен жасырынып жүрген болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831065-sim-nu-jorkte-stalgan-kazakstandyk-kylmysker-turaly-pikir-bildirdi/

pixel