Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаным қараяды": Әйелін қатты қызғанатын азамат одан ажырасып кете алмай жүр

Опубликовано:

Орда бұзар жастағы ер адам әйелін шын сүйетінін, алайда оның қылықтарынан әбден мезі болғанын сөз етті. Айтуынша, әйелімен ұрысқан кезде келіншек оны бейәдеп сөздермен балағаттап отырады екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ұрып жібердім": Әйелін бөтен ер адамдардан қызғанатын азамат жан сырын ақтарды
Көрнекі фото: pxhere.com: UGC

Ер азамат басындағы мәселесі жайлы Instagram-дағы astana__forum парақшасында жазды.

Айтуынша, ол әйелімен ұрысқан кезде шыдамай оны ұрып жібергісі келеді екен. Себебі келіншек ұсақ-түйекке бола күйеуін балағаттауға дайын тұрады.

"Жасым 29-да. Үйленгенімен 7 жылдан асты, баламыз бар. Әйелім сондай сұлу, оның көзіне шөп сала алмаймын.

Менің өз пәтерім, көлігім бар. Табысым да жақсы. Бірақ жұбайым екеуіміз ұрысқан кезде қол көтеруге дейін барамыз. Мен оны ұрмаймын, десе де кейде шапалақпен тартып жібергім келеді.

Отбасында жалғыз бала болғандықтан тым ерке. Ұсақ-түйкке бола ұрсысуға дайын тұрады. Темекі шегіп, ішкенді ұнатады. Құрбыларымен жиі қыдырады, бірақ, көзіме шөп салмайтынын білемін. Ол менің өмірімдегі бірінші қыз еді, ал оның менен бұрын жігіттері болған. Мен оған да көз жұмдым..", - деп жазды кейіпкер.

Десе де, жұбайын шын сүйетін азамат оны бөтен еркектерден қызғанатынын сөз етті

"Оны қатты сүйемін. Бір жаққа киініп шықса, оның басқа біреумен жүргенін елестетемін. Бір күні ол сыртқа шығып бара жатқан жерде ұрып қойдым. Ол қылығым үшін ұяламын. Оны тіпті достарымнан қызғанамын. Ата-анам оны жақсы көреді. Бірақ, мінезінен Құдай сақтасын", - деп жазды ол.

Ер адамның айтуынша, ол енді әйелімен ажырасу туралы ойланып жүр екен. Алайда отбасын тастап, басқа жанмен отау құрығысы келмейді.

"Соңғы кездері ажырасу туралы көп ойлайтын болдым. Бірақ онсыз және баламсыз өмір сүре алмаймын. Маған бейәдеп сөздер жаудырғанын есіме түсірсем қаным қараяды. Не істесем болады", - деп көпшіліктен кеңес сұрады ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831181-kanym-karaady-jelin-katty-kyzganatyn-azamat-odan-azyrasyp-kete-almaj-zr/

pixel