Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда жолдың қақ ортасында көкпар тартқандар жұрттың ашуына тиді (видео)

Опубликовано:

9 желтоқсан күні салт алттылар Алматы облысы орталығындағы көшелерде көкпар тартқан. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан кадр: Instagram/ Алматы облысының полициясы
Видеодан кадр: Instagram/ Алматы облысының полициясы: Twitter

Көкпардың видеосы әлеуметтік желіде тарап, қалалықтардың ашуына тиді. Кейін полицейлер күдіктілердің бірін анықтап, Текелінің 27 жастағы азаматын ұстады.

Бүгін тәртіп сақшылары көкпардың басқа да қатысушыларын анықтап, ұстап, қалалық Полиция басқармасына жеткізді.

"Барлығы жеті тәртіп бұзушы ұсталды. Олардың басым бөлігі Ескелді ауданының тұрғындары болып табылады. Анықталғандай, көкпар қала сыртындағы ауылдардың бірінде ұйымдастырылған.
Ұлттық ойынға білек сыбана кіріскен салт алттылар қала шекарасын бұзып, облыс орталығының көшелерінде жүріп өткен. Ұсталған тәртіп бұзушылардың барлығы жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Қазір тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар сотқа жолданды. Ол әр азаматтың жауапкершілігін Қазақстан Республикасы ӘҚтК-ні 434- бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша анықтайды.

Айта кетейік, ұсталған азаматтар өз кінәсін мойындады және қалалықтардан кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831269-taldykorganda-zoldy-kak-ortasynda-kkpar-tartkandar-zrtty-asuyna-tidi-video/

pixel