Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас келіншек жезөкшемен бірнеше рет кездескен күйеуін кешіре алмай жүр

Опубликовано:

5 жыл отасқан күйеуінің жезөкшемен опасыздық жасағанын білген келіншек желіде мұңын шақты. Айтуынша, жұбайы оған ақша төлеп, ауырып жатқан балаларының жанында болудың орнына сол жеңіл жүрісті қызбен уақыт өткізіпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жас әрі арық": Келіншек жезөкшемен бірнеше рет кездескен күйеуін кешіре алмайтынын айтты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Әйел адам Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында жан сырын ақтарып, хат жазған.

"Жуырда күйеуімнің жеңіл жүрісті қызбен үш рет көзіме шөп салғанын білдім. Бұған дейін онсыз да қарым-қатынасымыз дұрыс емес еді. 5 жвл бірге тұрып, екі баланың ата-анасы атандық. Барлығын біліп қойғанымда, менен кешірім сұрап, жылап-сықтады.
Есірткі қабылдап алғандықтан осындай халге түсіп, түсініксіз нәрселер жасағанын айты. Бұдан былай қателіктерге бой алдырмайтынын алға тартып жалынды. Бір ай өзін жақсы жағынан көрсетіп жүр. Үнемі хабарласып, барлығын жасап жүр", - деп мұңын шақты әйел адам.

Келіншектің сөзінше, күйеуі дер кезінде үйде болу үшін жезөкшемен жұмыс уақытында кездесіп тұрыпты.

"Ең сорақысы, ол әлеуметтік желідегі жыныстық қатынас жайлы чаттардың барлығына жазылған екен. Жеңіл жүрісті қызды сол жерден тауып алыпты. Онымен үш рет кездесіп, ақша төлеген, пәтер жалдапты. Барлығын жұмыс уақытында тындырыпты. Маған ештеңе білдірмей, дер кезінде үйге келіп тұрды", - дейді ол.

Әйел адам қатесін түсінген күйеуінің қазіргі уақытта құрдай жорғалап жүргенін алға тартты. Десе де ол ауырып жатқан балаларының жанында болмай, жезөкшеге кеткен жұбайын кешіре алмай жүр екен.

"Ол қыздың суретін көрдім. Өзі арық әрі 19 жаста екен. Менің жасым 27-де, бала босанғаннан кейін салмақ қосқаным бар, бірақ айтарлықтай көп емес. Не істерімді білмей қалдым. Қазіргі таңда күйеуім қалағанымның барлығын жасайды. Бірақ оны жек көріп кеттім. Ол сол сылқыммен балалырымыз ауырып жатқанда кездескен. Бұл менің жүрегімді тіпті, тілімдеп тастады", - деп ағынан жарылды келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831411-zas-kelinsek-zezksemen-birnese-ret-kezdesken-kjeuin-kesire-almaj-zr/

pixel