Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған тарихи құжаттар жарияланды

Опубликовано:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай еліміздің ұлттық архиві виртуалды көрме ашты. Онда Қазақстанның Тұңғыш президенті қол қойған тарихи құжаттармен танысуға болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда: Instagram

Виртуалды көрмеде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының өзгертілуі, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы президенті қызметіне кірісуі, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі мен азаматтығы туралы тарихи құжаттар қойылған.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы заңда "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілсін" деп жазылған.

Құжатқа 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған екен.

Ал Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің қаулысында Назарбаевтың 1991 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы президенті қызметіне кіріскені көрсетілген.

Сондай-ақ, 1991 жылы 16 желтоқсанда Елбасы қол қойған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңының суреті де жарияланған. Құжат 7 тарау 18 баптан тұрады.

Заңның бірінші бабында "Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық және хұқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді" делінген.

Аталған құжаттармен мына жерде танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831811-tuelsizdik-knine-oraj-elbasy-kol-kojgan-tarihi-kzattar-zarialandy/

pixel