Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккей жарысында Қазақстан мен Чехияның әнұрандары шатастырылып қойылды (видео)

Опубликовано:

Хоккейден "Бірінші арна кубогы" турнирін ұйымдастырушылар Чехия әнұранының орнына Қазақстанның гимнін қойды деп хабарлайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Аталған жағдай 15 желтоқсан күні Чехия мен Швеция хоккей құрамаларының ойынынын алдында орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, келеңсіз оқиға орын алғанына қарамастан, Чехия спортшылары мен құрама жанкүйерлері гимнді әуенсіз орындады. 

Осыған байланысты Ресейдің хоккей федерациясы ресми сайты екі елден кешірім сұрады. 

Еске сала кетсек, Үндістанда су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты кезінде қазақстандық ватерполшы қыздарға ел сүйсінді. Себебі, олар әнұран ойналған кезде орын алған техникалық ақауға қарамастан, гимнді жанды дауыста соңына дейін шырқады.

Үндістанда бақ сынап жатқан қазақстандық ватерполшылардың видеосын Алматы қаласы "Jas Otan" Жастар Қанатының төрағасы Мади Ахмет Instagram парақшасында жариялады.

"Жарайсыңдар, қыздар! Міне, намыс! Үндістандағы додада біздің ватерполшылар Қытайды жеңді. Әнұран орындап жатқанда 8-секундта дыбыс үзіліп кетті. Біздің қыздар әнұранды соңына дейін шырқап, стадионның овациясын тоқтатты", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832079-hokkej-zarysynda-kazakstan-men-cehiany-nrandary-satastyrylyp-kojyldy-video/