Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түсіме кіреді": Жездесіне ессіз ғашық болған ару жұртқа жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Әпкесінің күйеуін ұнатып қалған бойжеткен оны түсінде жиі көретінін алға тартты. Айтуынша, ер адам екі жыл бұрын оны мойнынан тістеп, тиісіп отырған екен. Ал арудың сүйіктісі жездесінің оған деген сезімі барын айтыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Түсіме кіреді": Жездесіне ессіз ғашық болған ару жұртқа жан сырын ақтарды
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Бұл туралы бойжеткен әлеуметтік желідегі zhenskaya_blogika парақшасында жазды.

Оның сөзінше, ол бөле әпкесінің күйеуін түсінде көреді екен.

"Адам айтса сенгісіз болар, бірақ мен жездеме ғашықпын. Ол менің бөле әпкемнің күйеуі. Өзімнің сезімімді баса алмаймын. Не істерімді де білмеймін. Ол менің түсіме жиі кіреді. Екеуіміздің бірге болғанымызды көремін. Бұл ойымнан арылғым келеді", - дейді ару.

Сүйіктісі бар қыз жігітін жақсы көргенімен, оны төсекте қаламайтынын алға тартты. Сондай-ақ, бойжеткен жездесінің қылықтарын жігітіне айтып отырады екен.

"Ғаламторды ақтарсам, жалғызбастылықтың әсері осындай деп жазылған. Алайда менің жігітім бар. Оны сүйетін секілдімін, бірақ төсек қатынасында оны қаламаймын.

Ішімдегінің барлығын оған айтып тұрамын. Дегенмен түстерім жайлы жақ ашпаймын.

Алайда сүйіктіме жездемнің екі жыл бұрын менің мойнымнан тістегенін, құйрығымнан ұрғанын жеткіздім. Ол болса әпкемнің күйеуінің маған деген сезімі бар екенін айтты", - дейді бойжеткен.

Арудың сөзінше, ер адам оған тиісіп қалудан тайынбайды екен. Ол тіпті, әйелінің сіңлісін әуретті жерінен ұстаған.

"Жездемді жиі көріп тұрмаймын. Амандасып, бетімізден сүйгенде ішім алай-дүлей болады...Жазда олармен бірге демалған кезде бассейнге жүзуге бардық. Сол кезде ол сыра ішкеннен болар, менің құйрығымнан ұстап тұрды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832189-tsime-kiredi-zezdesine-gasyk-bolgan-aru-zrtka-zan-syryn-aktardy/

pixel