Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде тоғыз жастағы қыз баланы зорлаған күдікті ұсталды

Опубликовано:

Ақтөбеде жасөспірімге қатысты ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп, бір аптадан бері іздеуде жүрген қаскөй ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталды. Ол қамауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты мәлімет тергеу амалдарының құпиялығына қатысты жарияланбайды",- дейді Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Бауыржан Меңдебаев.

Еске сала кетсек, бұл жантүршігерлік оқиға 12 желтоқсан күні Ақтөбе қаласындағы теміржол вокзалы аумағында тіркелді.

Қаскөй мектептен қайтқан оқушының қасындағы құрбылары үйіне тарап кеткен кезде жалғыз қалған қыз баланы әңгімеге тартқан. Кейін оның артынан үйіне ілесе кіріп, арам ойын жүзеге асырған.

Артынша, дәрігерлер жәбір көрген жеткіншектің денсаулығы қандай екенін айтып берді. Ақ халаттылардың сөзінше, кәмелет жасына толмаған қыз балаға ота жасалған.

Ал төртінші сынып оқушысы білім алатын мектептің ұстаздары оның үздік шәкірт екенін айтты.

Адам шошырлық зорлау оқиғасынан кейін ақтөбелік көпбалалы аналар педофилдерге өлім жазасын беруді сұрады. Олар билік басындағыларға жанайқайын жеткізу үшін әйелдер арасында қол жинауға кірісіп кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832271-aktbede-togyz-zastagy-kyz-balany-zorlagan-kdikti-staldy/

pixel