"Астана аруы-2019" байқауының жеңімпазы анықталды (фото)
Опубликовано:
Күні кеше елордада "Астана Аруы - 2019" байқауының жеңімпазы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Биылғы жылғы байқаудың жеңімпазы-"Шабыт" университетінің студенті Айзада Хабиболла.
Сондай-ақ, бірінші вице-мисс атағы Ханзада Әзірбайзға бұйырса, екінші вице-мисс атағын Қарлығаш Жанғарина иеленген.
Ал Наталья Федотенкова үшінші вице-мисс атанған.
Нұр-Сұлтанның ең сұлу аруы атанған бойжеткенге тәжді салтанатты түрде "Астана Аруы-2018" байқауының жеңімпазы сыйлады.
"Бұл байқауда қатысушылардың әр қырын бағаладық. Біреуі көркімен, біреуі ақылымен, енді бірі харизмасымен ерекшеленді. Бұл байқау жалғасын таба берсін, дами берсін", - деді әділқазылар алқасының мүшесі Серік Сәпиев.
Айта кетейік, биыл"Астана аруы-2019" байқаына 19-24 жас аралығындағы 583 бойжеткен үмітті болып, оның 19-ы финалға өткен.
Еске сала кетейік, таяуда ғана Ұлыбритания астанасы Лондонда "Әлем аруы" байқауы аяқталып, бұл атақты 23 жастағы ямайкалық ару Тони-Энн Сингх иеленді.
Бойжеткен "Әлем аруы" сайысының тарихында Ямайка елінен тәж киген төртінші бикеш.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832372-astana-aruy-2019-bajkauyny-zeimpazy-anyktaldy/