"Өлілер тізімінен" шыға алмай жүрген оралдық бойжеткен жанайқайын айтты
Опубликовано:
Батыс Қазақстан облысының 22 жастағы тұрғыны емханаға жүгініп, өзінің тірілер қатарында емес екенін білген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның ақпаратынша, бойжеткеннің есімі өлілер қатарына кіріп кеткен. Ол жедел түрде өзінің тірі екенін дәлелдемек.
Айта кету керек, қайтыс болғандар тізіміне енген ару жұмыс істеп, салық төлеп отыр.
"Олар маған компьютерді көрсеткен кезде онда Туккужинова Анаргуль Сатыбалдиновна менің туған күнім, менің қайтыс болған күнім 2014 жылдың 20 шілдесінде деп жазылған. Мен 2014 жылдан кейін бірнеше рет ол жерге тексерілгемін, бірақ ешқандай мәселе байқалмаған.
Емханадағылар барлығына әділет (басқармасы - ред.) кінәлі деді, бірақ біріншіден олар маған кем дегенде қандай да бір көмек көрсетуі керек еді, екіншіден, мұның бәрін маған дұрыс түсіндіруі керек еді", - деді Анаргүл.
Бойжеткеннің жұмыста жағдайы нашарлап, іші ауырған. Осыдан кейін әріптестері жедел жәрдем шақыртыпты. Медициналық база бойынша өлгенін білген қыз ақылы емханаға барған.
Анаргүлге мемлекеттік органдарға жүгінуге кеңес беріліпті.
"Бұл негізі біздің кінәміз емес. Бағдарлама компьютерге орнатылған, біз оған өзгеріс енгізе алмаймыз. Біреуді өлді деп жазбақ түгілі, мекен-жайын да өзгерте алмаймыз. Өзімізде қорқып кеттік... Оның әділет органдарына баруы керек", - деді медтіркеуші Гүлдана Есқалиева.
Еске сала кетейік, дәл осындай жағдай Маңғыстау облысында да орын алған болатын. Жаңаөзен қаласының тұрғыны 2002 жылдан бері өлілер қатарына жатқызылған. Әйел адам өзінің өлілер тізіміне енгізілгенін 2016 жылы ғана білген. Содан бері осы тізімнен шығуға әрекет жасап жүргені белгілі болды.
Сондай-ақ, Теміртау тұрғыны Игорь Николаев екі рет арғы өмірге барып келген. Ер адам өзі туралы мәліметтерді ХҚКО арқылы қалпына келтірген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832609-liler-tiziminen-syga-almaj-zrgen-oraldyk-bojzetken-zanajkajyn-ajtty/