Жатақхана құрылысы бұрынғысынан да тиімді бола түсті

Опубликовано:

Жаңа опциялардың арқасында студенттік жатақханалардың құрылысы бойынша жобалар өзінің инвестициялық тартымдылығын арттырады. Студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мақсатты мемлекеттік тапсырыс төлемдерінің көлемі 40%-ға дейін артады деп күтілуде.

Фото: "Қаржы орталығы" АҚ
Фото: "Қаржы орталығы" АҚ: Depositphotos

Қолданыстағы әдістемеге сәйкес 1 студентке арналған жыл сайынғы төлемнің көлемі 122 АЕК-ті құрайды, ол объектіні іске қосу жылына белгіленеді. Мысалы, 2020 жылы жатақхананы іске қосқан кәсіпкер төлем жүргізілетін бүкіл мерзім ішінде әрбір студент үшін 323 мың теңге алатын болады.

Жобаларға жекеменшік инвестицияларды кеңінен тарту мақсатында 2020 жылдың басынан бастап төлемдерді ағымдағы қаржы жылындағы АЕК-ке индекстеу енгізілуде. Жаңа енгізілімнің есебінен орта есеппен 4-5% -ға мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдердің жыл сайынғы өсімін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

2020 жылы іске қосу жоспарланып отырған 500 орындық жатақхананың құрылысы үлгісінде тәсілдемелерді салыстыруды ұсынамыз. Қолданыстағы әдістеме бойынша төлемдердің жалпы көлемі – 1 млрд 294 млн тг., индекстеудің енгізілуін есепке алғанда – 1 млрд 502 млн тг.

График "Қаржы орталығы" АҚ
График "Қаржы орталығы" АҚ: Depositphotos

Мақсатты мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімінің ұзақтығын ескерсек, төлемдерді индекстеу әлеуетті инвесторлардың инфляциялық және девальвациялық (валюталық) тәуекелдерін нивелирлеу үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады.

Тетіктің екінші жаңа енгізілімі Алматы қаласы үшін мақсатты мемлекеттік тапсырыстың ұлғайтылған нормативін қолдану болып табылады. Бұл өңірді жекелеп қарастыру шешімін қабылдауға өңірдегі тұрғын үй тапшылығы деңгейінің жоғары болуы (жалпы қажеттіліктің 1/3 бөлігі), қаланың сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуы, жер учаскелерінің жетіспеуі сияқты бірқатар факторлар жиынтығы негіз болып отыр. Жоғарыда аталған барлық факторлар Алматы қаласы үшін жеке нормативті қолдану қажеттілігін дәлелдейді.

Жалпы, мәселе нормативті 20%-ға арттыру жайында болып отыр. Осылайша, 2020 жылдан бастап Алматы қаласында жобаларды іске асыратын құрылыс салушылар үшін мақсатты мемлекеттік тапсырыстың көлемі 144 АЕК-ті құрайды.

Аталған жаңашылдықтар кәсіпкерге 1 млрд 773 млн теңге алуға кепілдік береді және бұл ағымдағы есептеулерден 500 млн-ға көп.

График: "Қаржы орталығы" АҚ
График: "Қаржы орталығы" АҚ: Depositphotos

Енгізіліп жатқан жаңашылдықтар мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер көлемін 40% -ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте банктік қарыздың пайыздық мөлшерлемесін 9% - ға дейін субсидиялау, объект енгізілгеннен кейін алғашқы 12 күнтізбелік айда төлемдерді қосарлы тариф бойынша, сондай-ақ студенттердің демалыста болу кезеңінде төлемдерді жүзеге асыру түріндегі бұрын ұсынылған мемлекеттік қолдау шараларының барлық көлемі сақталады.

Толығырақ ақпаратты studdom.kz сайтынан немесе Қаржы орталығының 8-8000-802-828 колл-орталығы арқылы алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832728-zatakhana-krylysy-bryngysynan-da-tiimdi-bola-tsti/