Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың атасы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды

Опубликовано:

Ғажайып үнімен әлем халқын таңғалдырып жүрген әнші Димаштың Құдайбергеннің атаы "Ерен еңбегі үшін" медалі берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: Құдайберген Айтбаев пен Миуаз Низамутдинова. Фото: bnews.kz
Фото: Құдайберген Айтбаев пен Миуаз Низамутдинова. Фото: bnews.kz: Depositphotos

Агенттіктің мәліметінше, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі қосқан Құдайберген Айтбаевқа "Ерен еңбегі үшін" медалі берілген.

Медальді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы Құдайбергеновтердің отбасында болып, арнайы табыстаған.

Сонымен қатар Димаш Құдайбергеновке берілген "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атағы марапатын Димашты тәрбиелеп өсірген әжесі Миуа Низамутдиноваға табысталған.

Еске сала кетейік, биыл тәуелсіздік мерекесі қарсаңында перзидент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарын мемлекеттік наградалармен марапаттаған еді.

Олардың арасында талантты әнші Димаш Құдайберген де бар.

Сондай-ақ, таяуда ғана Димаш Ресейдің ұлттық музыкалық "Виктория" сыйлығында екі номинация бойынша жеңіске жетіп, сонымен қатар Ресейде "Жыл әншісі" атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832827-dimasty-atasy-eren-ebegi-sin-medalimen-marapattaldy/

pixel