Ирандық ару бір қолымен жүзуден әлемдік рекорд орнатты (фото)

Опубликовано:

Ирандық спортшы Эльхам Асгари бір қолымен жүзуден әлемдік рекордты жаңартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ислам республикасының ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Эльхам Асгари. Фото: ИРНА
Эльхам Асгари. Фото: ИРНА: Depositphotos

Эльхам Чабахар мен Кенарак шығанағының арасындағы 10 шақырым қашықты 5 сағат екі минутта жүзіп өтіп, жаңа әлемдік рекорд орнатқан.

Айта кетейік, Эльхам Асгаридың аты бұған дейін Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ол кезде спортшы ару хиджабпен бес шақырым 580 метрді бағындырған.

Еске сала кетейік, биыл қыркүйек айында отандасымыз Әнел Сытдықова да әйгілі Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті. Спортшы 38 шақырым қашықтықты 15 сағат 15 минут уақытта бағындырғаны болатын.

Сонымен қатар алматылық Ержан Есімханов есімді азамат 34 шақырымдық Ла-Манш бұғазын 14 сағат 21 минутта жалғыз өзі жүзіп өткенін хабарлаған едік.

Ержаның айтуынша, ол жүзумен үш жылдан аса уақыт айналысып келеді. Ла-Маншты жүзіп өту көптеген спортшының арманы.

"Бұған дейін Гибралтар мен Австрия және Мароккада марафондық жүзуден бақ сынадым. Содан кейін тәуекел деп Ла-Маншқа дайындықты бастап кеттім. Ауызбен айтуға оңай. Бірақ стартқа түнгі сағат 12-де шықтым. Көптеген қиындықтарға қарамастан діттеген мақсатыма қол жеткіздім", - дейді спортшы.

Айта кетсек, Ла-Маншты алғаш рет 1875 жылы ағылшын азаматы Мэттью Уэбб бағындырса, 70 жасында осы бұғазды Роджер Оллсоп жүзіп өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832840-irandyk-aru-bir-kolymen-zzuden-lemdik-rekord-ornatty-foto/