RU

Ақмола облысының компаниясы «Алтын сапа 2019» Президент сыйлығын жеңіп алды

Ең үздік кәсіпорындардың бірі «AZAM-KC» ЖШС астық кептіргіш кешендеріне арналған жабдық өндіруші болды. Бүгін - бұл Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ақмола облысының компаниясы 2019 «Алтын сапа» Президент сыйлығының жеңімпазы атанды!
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Компания 2012 жылдан бастау алады. Кәсіпорынның негізгі қызметі дәнді, майлы және дәнді-бұршақты дақылдарды бастапқы өңдеу, кептіру, қайта өңдеу үшін ауыл шаруашылығы жабдықтарын өндіру, салу, жөндеу болып табылады. Барлық өнімнің патенттері мен өзіндік конструкторлық құжаттары бар.

«AZAM-KC» ЖШС базасында конструкторлық бюро мен сынақ жүргізу үшін өндірісті қамтитын тәжірибелік өндіріс бар. 12 қызметкер жыл сайын Белоруссияда тағылымдамадан өтеді, 6 қызметкер Беларусь-Жодино және Несвиж қалаларында шеф – монтаж өткізді. Өнімді дайындау заманауи және технологиялық жабдықтардың көмегімен, соның ішінде лазерлік кесуді және СББ бар станоктарды шебер және тәжірибелі мамандармен жүзеге асырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833020-akmola-oblysyny-kompaniasy-altyn-sapa-2019-prezident-syjlygyn-zeip-aldy/