RU

Ақмола облысныда «Diet-krolic» қоян өсіретін фермасы ашылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Изобильное ауылында қала әкімі Еркебұлан Баяхметовтың қатысуымен «Diet-krolic» қоян өсіретін фермасы ашылды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы Степногорск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қоян өсіру фермасының ашылуы
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Ауылда ерекше агроқұрылымды құру идеясы жеке кәсіпкер Николай Андриенкоға тиесілі. «Diet-krolik» фермерлік шаруашылығы диеталық ет өндіруге маманданған. Ашылған кәсіпорын жылына 40 тоннаға дейін ет өндірумен 5 000 басқа бір жолғы ұстауға есептелген.

Қазіргі уақытта Ақмола облысы мен Ресей Федерациясынан 60-тан астам қоян әкелінді. Ферма басшысының айтуынша, диеталық еттің алғашқы өнімі 2020 жылдың сәуір айында қаланың дүкен сөрелерінде пайда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833028-akmola-oblysnyda-diet-krolic-koan-siretin-fermasy-asyldy/