Қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген 70 жастағы атай рекордсмен атанды (видео)

Опубликовано:

Амеркиалық Альберт Хьюз ресми түрде ең қарт боксшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Альберт Хьюз. Фото: The Indianapolis Star
Альберт Хьюз. Фото: The Indianapolis Star: Depositphotos

Сайттың мәліметінше, 14 желтоқсанда 70 жастағы Хьюз 43 жастағы Треймейн Таунспен жекпе-жекке шығып, қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген.  

Хьюз рингке 1983 жылдан бері шықпаған, сол жылы Майк Поллиттен жеңілгеннен кейін карьерасын аяқтаған. Ал Таунс рингке 12 жылдық үзілістен кейін оралған.

Жекпе-жек Хьюздің өзіне қол жұмсаған марқұм ұлының құрметіне өткізілді. Ал жиналған қаржы толықтай өзіне қол жұмсаудың алдын алуға бағытталмақ. 

Айта кетейік, 70 жастағы Хьюз мансабында 22 жекпе-жек өткізіп, оның, 11-де жеңіске жетіп, төрт рет тең түсіп, жетеуінде жеңілген.

Ал Таунс болса жеті жекпе-жегінің бәрінде жеңілген.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда боксшы Данияр Елеусінов те кәсіпқой мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.

Жекпе-жек АҚШ-тың Аризона шатына қарасты Феникс қаласында өтті. Отандасымыз америкалық Алан Санчесті өзі жерінде жеңген.

Сонымен қатар әлі жеңіліп көрмеген боксшы Айдос Ербосынұлы венесуэлалық қарсыласы Омар Гарсияны жеңіп, екінші орта салмақтағы WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Сontinental титулдарын сақтап қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833268-karsylasyn-ekinsi-raundta-nokautka-tsirgen-70-zastagy-ataj-rekordsmen-atandy/