Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойға баратын уақыт жоқ": Сапарбаевтың жұмыстан тыс уақыты қалай өтеді

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев журналистерге жұмыстан тыс уақытын қалай өткізетінін баяндап берді. Премьер-министрдің орынбасары қызметке көп уақыт бөлгендіктен, той тойлауға уақыт таппайтын көрінеді. Дегенмен, Сапарбаев үнемі жұмыста жүргеннен шаршамайтынын айтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бердібек Сапарбаев. Фото: NUR.KZ
Бердібек Сапарбаев. Фото: NUR.KZ: Original

Шенеунік 2019 жылы қызметтен ауысуы мансабындағы үлкен өзгеріс болғанын жасырмады.

Сапарбаев ақпан айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды. Ал тамыз айында премьер-министр орынбасары қызметіне ауысты. Сонда да ол әлеуметтік салада еңбек етуді тоқтатқан жоқ. Оның сөзінше, елде осы бағытта көптеген сұрақты шешуге мүмкіндік туған.

"Менің шаршауға мүмкіндігім жоқ. Аллаға шүкір, денсаулығым бар" , -дейді шенеунік.

Сапарбаев жұмыстан кейін спортпен шұғылдануға тырысады. Ол таңертең гимнастика жасап, фитнеспен айналысуды және бассейнге баруды да ұмытпайды.

Шенеунік физикалық тұрғыдағы жүктемені нағыз мереке деп есептейді. Ал тойға баруға уақыты жоқ.

Айта кетейік, бүгін Сапарбаев қазақстандықтарды 2020 жылы не күтетінін айтты. Ол жәрдемақылардың, айлықтар мен зейнетақылардың, сондай-ақ, несиелердің өзгерісі туралы баяндады. Аталған өзгерістер 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833406-tojga-baratyn-uakyt-zok-saparbaevty-zmystan-tys-uakyty-kalaj-tedi/

pixel