RU

Ақмола облысында 448 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

448 мың шаршы метр үй пайдаланылуға берілді. Осылайша, 3840 отбасы қолайлы жағдайда өмір сүруде. Аудандардағы жаңа әлеуметтік маңызы бар нысандар. Бұл Ақмола облысы құрылыс басқармасының 2019 жылдың 10 айындағы жұмысының кейбір нәтижелері ғана, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Ақмола облысында 448 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
«Республикалық бюджет есебінен Көкшетау қаласында 40 пәтерлі үш тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда, сондай-ақ 13 жаңа жоба іске асырылуда. 7 жаңа жобаны облыстық бюджет есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Көкшетау қаласында 60 пәтерлі үш тұрғын үй, Макинск қаласында 40 пәтерлі үй, сондай-ақ Зеренді, Егіндікөл және Державинск ауылдарында көп пәтерлі тұрғын үйлер", - деді Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкіров.

Аз қамтылған көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне көп көңіл бөлінуде.

«Ағымдағы жылы 184 көп балалы отбасы баспанамен қамтылады. Олардың 148-і үшін жалға берілетін тұрғын үй салынатын болады. Көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға 220,4 млн теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда Степногорск қаласынан, Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Есіл және Зеренді аудандарынан 90% аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үй сатып алынды», - деп атап өтті ол.

Ақмолалықтарды кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету және жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру мәселелері де маңызды болып қалуда.

Құрылыс басқармасының ақпараты бойынша Көкшетау қаласында 400 пәтерлі кредиттік тұрғын үй пайдалануға берілді. Ағымдағы жылдың 10 айында облыс орталығында 190 пәтерлік 5 үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар Шортанды ауданындағы 808 жер учаскесін су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Ақмола облысында тұрғын үй құрылысымен қатар халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін әлеуметтік сала объектілері мен құрылыстары іске асырылуда.

Білім беру саласында 15 нысанның, денсаулық сақтау және спорт саласында 6 нысанның құрылысы жүзеге асырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833477-akmola-oblysynda-448-my-sarsy-metr-trgyn-j-pajdalanuga-berildi/