Жаңа жылдық Ақорда: Тоқаев резиденциясы қалай әрленді
Опубликовано:
Жаңа жылға дейін бір аптаға жетер-жетпес уақыт қалды. Нұр-Сұлтандағы EXPO-2017 алаңында еліміздің бас шыршасы жағылды. Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында жеке "бас шырша" пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақордада жаңа жылдық шырша резиденцияның орталық холлында орнатылды.

Көбіне мұнда құрметті қонақтардың, әсіресе, әр елдің президенттерінің кездесуі өтеді.

Мемлекет басшыларын қызыл кілеммен, құрметті қарауылмен және оркестрмен күтіп алады.

Қазір холлды шамамен бес метрді құрайтын үлкен шырша әрлеп тұр. Оның төбесі хрустальді люстраға жетіп қалған.

Шырша он шақты әйнек шарлармен және қызыл, көк әрі алтын түстес таспалармен оралған.

Холлдың периметрі бойынша үстелдерде қылқан жапырақты бұтақтар мен жидектерден жаңа жылдық композициялар пайда болған. Ал залдың кейбір бөліктерінде тұтас фотоаймақтар жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі нумеролог Гүлжиян Жаниева қазақстандықтарды 2020 жылы не күтіп тұрғанын айтып берді.
"2020 жыл Қазақстанға екі мәдениет қайраткерін сыйға тартады және дәл осы мәдениет саласында екі бірдей маңызды жоба болады деп айта аламын. Ол жобалар үлкен жоба болады, сондықтан ол екеуінен де халық хабардар болады",- деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833523-zaa-zyldyk-akorda-tokaev-rezidenciasy-kalaj-rlendi/