Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 2019 жылы 167 жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына тартылған

Жарияланған күні:

Ақмола облысында пилоттық жоба аясында жерді пайдаланудың ғарыштық мониторингі енгізілуде. Бұл функцияны жүзеге асыруға арналған көздер тізбесі енді жерді қашықтықтан зондтау деректерімен, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтермен толықтырылды.

Ақмола облысында 2019 жылдың қорытындысы бойынша ауданы 96 982 га болатын 167 жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына тартылды
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Бауыржан Ерназаров мәлімдеді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

- Ақмола облысының жер қоры бүгінгі күні 14 613,2 мың гектарды құрайды. Оның ішінде елді мекендердің жерлері 1 325,4 мың гектарды алып жатыр, өнеркәсіпте, көлікпен, байланыспен және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған 136,1 мың гектарды құрайды.

Облыстық басқарма басшысы жер қорын талдау және аукциондар өткізу бойынша жүргізілген жұмыстар, сондай-ақ басқа да сәттер туралы айтып берді.

Ақмола облысында 2019 жылдың қорытындысы бойынша ауданы 96 982 га болатын 167 жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына тартылды
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

– Ағымдағы жылы бірнеше дерекқорларды салыстыру арқылы қолда бар жер қорын талдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша орман және су қорлары, сондай-ақ қор жерлерінің есептік деректері жер заңнамасына сәйкес келтірілді, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері өзектілендірілді. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде өңірде ауыл шаруашылығы айналымына 96 982 га жер телімі тартылды,оның ішінде егістік 16 677 га, жайылым 78 644 га, шабындық 276 га және басқа да жерлер 1385 га. Аукциондар арқылы 430 жер учаскесі сатылды, мемлекеттік бюджетке 902 млн.теңге түсті.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сату сомасы екі еседен артық өсті. Бүгінде облыс аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру құқығына 164 келісім-шарт жұмыс істейді. Оның ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма 137-сін басқарма ұсынды. 14 учаске 2019 жылы берілген. 2019 жылдың басынан бастап жер қойнауын пайдаланушылардан ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу ретінде бюджетке шамамен 20,6 млн. теңге төленді, – деді спикер.

Сондай-ақ, Бауыржан Ерназаров елді мекендердің шекарасын белгілеу сияқты маңызды сәтке тоқталды.

Ақмола облысында 2019 жылдың қорытындысы бойынша ауданы 96 982 га болатын 167 жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына тартылды
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

- Бүгінгі таңда Ақмола облысының 614 елді мекенінің 184-і шекараға орнатылып, бекітілді. Бұл бағыттағы қызметті жандандыру үшін 2017-2020 жылдарға арналған жұмыстарды жүргізудің жол картасы әзірленді, оған сәйкес 2019 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер 61 елді мекенді құрады. Облыстың аудандары мен қалаларының жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарының ақпараты бойынша, ағымдағы жылы 81 елді мекеннің шекарасын белгілеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінді.

Бүгінгі күні жерге орналастыру жұмыстары 68-де аяқталды. Осылайша, 2019 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер асыра орындалды. Әкімшілік шекараларды орнату жұмыстары жалғасуда, - деді ол.

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасының басшысы көрсетілген қызметтердің санын айтты.

- Жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 12 құрайды. Оның ішінде 7-уі электрондық нысанда, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, екеуі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы және үшеуі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз нысанда көрсетілуі тиіс.

Ағымдағы жылдың басынан бастап басқарма 35 мемлекеттік қызмет көрсетті. Басқарма атына мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен мерзіміне шағым түскен жоқ, - деп түйіндеді Бауыржан Ерназаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833661-akmola-oblysynda-2019-zyly-167-zer-ucaskesi-auyl-saruasylygy-ajnalymyna-tartylgan/