Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мемлекет басшысы апат себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын жеткізді.

"Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады", - деп жазды президент Twitter желісінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырағаны хабарланды.

Төтенше жағдайдан 7 адам қаза тауып, алтауы жараланған.

Бұл жағдайда қатысты Азаматтық авиация комитеті ресми пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Бэк эйр әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Екі қабатты құрылыспен қақтығыс болған.

Дереу құтқару жұмыстары басталған. Өрт болмаған.

Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары бастаған үкіметтік комиссия құрылған. Комиссия құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Сонымен қатар Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1833791-tokaev-almatydagy-sak-apatynan-kaza-tapkandardy-tuystary-men-zakyndaryna-kil-ajtty/

pixel