Қарияларға қуаныш: Құрманғазы оркестрі қарттар үйінде концерт қойды

Опубликовано:

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі Жаңа жыл қарсаңында Алматыдағы қалалық қарттар үйінде концерт қойды. Қариялар өздері үшін дайындалған тосынсыйға балаша қуанып, өз ризашылықтарын білдірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

рррррр

Күллі әлем күтетін мейрам алдындағы қайырымдылық шарасы туралы Құрманғазы оркестрінің баспасөз хатшысы мәлімдеді.

рррррр

Сонымен қатар, өнер ұжымының желідегі парақшаларында қарттар үйіндегі концерттен фотолар жарияланды.

«Құрманғазы оркестрі жаңа жыл қарсаңында Алматыдағы қалалық қарттар үйінде концерт қойды. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шарадан соң қариялар ерекше қуанышқа бөленіп, алғыстарын жаудырды. Қазыналы қарттарымыз аман болсын!», - делінген жазба мәтінінде.

Айта кетерлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі желтоқсан айының 23-і күні Өзбекстанда өнер көрсеткен. Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Өзбекстандағы Қазақстан жылының жабылуына арналған Гала-концертке» Құрманғазы оркестрімен бірге өзге де отандық өнер ұжымдары мен танымал әншілер қатыстқан.

Сонымен қатар, 85 жылдық тарихы бар Құрманғазы оркестрінің Қытайдағы Дүниежүзілік музыка ЭКСПО-сына қатысқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834274-karialarga-kuanys-krmangazy-orkestri-karttar-jinde-koncert-kojdy/