Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Опубликовано:

Бүгін, 31 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомар Кемелұлы Ақордада премьер-министр Асқар Маминді қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары баяндалды.

Сондай-ақ, Қазақстан экономикасын алдағы кезеңге жұмылдыру мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар үкіметтің 2020 жылы қаңтардың соңында өтетін кеңейтілген отырысына дайындық барысы талқыланды.

Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

Естеріңізге сала кетейік, таяуда президент Алматы маңындағы Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына байланысты шұғыл кеңес өткізген болатын.

Жиынға еліміздің премьер-министрдің, Президент әкімшілігі басшылығының, Қауіпсіздік кеңесі хатшысының, бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Ішкі істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Денсаулық сақтау министрлері қатысқан еді.

Ел перзиденті кеңес барысында:

–  Ұшақ апатына соқтырған себептерді сапалы әрі объективті түрде тексеруге;

– "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамын білікті мамандармен қамту жұмыстарын толық аяқтау шараларын қабылдауға;

– Қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру үшін барлық әуе компанияларының жұмыстары мен авиациялық инфрақұрылым нысандарын тексеруге тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834339-tokaev-kimetti-keejtilgen-otyrysyn-tkizedi/