Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Үш облыста ескерту жарияланды
Опубликовано:
Ауа райына байланысты Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарында ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

1 қаңтар күні Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Сол күні Шымкент қаласында да түнде және таңертең тұман сақталады.
Қаңтардың бірінде Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Жаңа жылдың алғашқы күнінде Ақтөбе облысының кей жерлерінде қалың қар жауып, тұман түседі деп күтілуде. Көктайғақ болып, бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Сол күні Ақтөбе қаласында кей уақытта қар жауып, тұман түседі және көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін синоптиктер жаңа жылдың қаңтар айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар 2020 жылдың алғашқы айында жел соғып, күн суытатынын жеткізді.
Метеорология қызметінің мәліметінше, қаңтар айының бірінші бөлігінде тұман түсіп, жел соғады. Жолдарда көктайғақ пайда болуы ықтимал.
Дәл осы кезеңде ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Осылайша, еліміздің батсында сынап бағанасы -5-15 градусқа дейін төмендейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834398-tman-kktajgak-brkasyn-s-oblysta-eskertu-zarialandy/