Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Азаттық радиосы
Фото: Азаттық радиосы: Depositphotos

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Белгілі қоғам қайраткері жəне ғалым Серікболсын Əбділдиннің қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Серікболсын Əбділдəұлы - елімізді дамыту жəне парламентаризмді қалыптастыру ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға.
Марқұмның топырағы торқа, жаны жанатта, иманы саламат болсын!"- деп жазылған жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қоғам қайраткері, экономист Серікболсын Әбділдин 82 жасында көз жұмды.

Ол 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында туған. 1960 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітіріп, еңбек жолын агроном болып бастаған.

1963–1966 жылдары аспирант, аға ғылыми қызметкер, 1967–1982 жылдары - Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары болған. 1982 – 1985 жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы - АӨК басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986 – 1987 жылдары - Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болды.

1995 жылдан бері Қазақ ұлттық аграрлық университеті Агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарды.

Серікболсын Әбділдин - 11-ге жуық ғылыми еңбек пен 6 монографияның авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834468-prezident-serikbolsyn-bdildinni-otbasyna-kil-ajtty/

pixel