Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмысқа тұру үшін енді сәуірден бастап 086 анықтамасының қағаз үлгісі талап етілмейді

Опубликовано:

Енді елімізде жұмысқа орналасатын жандардан 086 анықтамасының қағаз үлгісі талап етілмейді. Себебі сәуір айынан бастап медициналық қызмет электрондық форматқа ауыстырылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: autisminfo.ru
Көрнекі фото: autisminfo.ru: Depositphotos

Жаңа өзгеріске сай әрбір қазақстандық азамат міндетті түрде жыл сайын медициналық-профилактикалық тексеруден өтуі шарт. Ол жылына бір рет және тегін болады.

Ал соның негізінде азаматтардың денсаулығы туралы мәлімет электронды үлгіде жасалады.

Егер кез келген мемлекеттік органға жұмысқа орналасу немесе көлік жүргізу куәлігін алу керек болса, деректер базасындағы 086 анықтамасы азамат рұқсатымен автоматты түрде ашылады.

"Жылдың аяғында 086/у анықтамасын толығымен жоюды жоспарлап жатырмыз. Сол бойынша басқа да органдармен құжаттарды мақұлдап, қазір қол қойылды. Егер автоматты жүйеге рұқсат берсе, "осы кісі сәуір айында соңғы рет медициналық тексеруден өтті" деп мәлімет келіп түседі. Сізге емханаға немесе ауруханаға барудың қажеті толығымен алынып тасталады", - дейді Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, бұған дейін осы жылдан бастап Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру іске қосылатынын хабарлаған едік.

Осы орайда ел тұрғындары 1 сәуірге дейін сақтандыру мәселелерін шешіп, МӘМС мүшесі болуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834986-zmyska-tru-sin-suirden-bastap-086-anyktamasyny-kagaz-lgisi-talap-etilmejdi/

pixel