Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

11 қаңтарда ай тұтылады

Опубликовано:

Жылдың астрономиялық күнтізбесіне сәйкес 2020 жылдың алғашқы ай тұтылуы қаңтардың 10-нан 11-не қараған түні болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram

Ай тұтылуының максималды фазасы 089. Жер көлеңкесі айдың оңтүстік бөлігі енеді, сондықтан қараңғылық шамалы болады дейді астрономдар.

Айдың жер көлеңкесіне алғашқы жақындауы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:07-те болады, тұтылудың максималды фазасы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:11-де пайда болады, ал 21:12-де Ай жер көлеңкесінен толығымен шығады.

Айдың тұтылуы Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Балтық теңізі, Кавказ бен Орталық Азия елдерінде көрінетін болады.

Жалпы алғанда, 2020 жылы, астрономиялық күнтізбеге сәйкес, екі күн және төрт айдың тұтылуы күтіледі. 2020 жылдың ең үлкен астрономиялық оқиғалары толық және сақиналы күн тұтылуы болмақ.

Айта кетейік, Американың Maple Holistics компаниясы мен Толедо университетінің антропологтары адамдардың 2100 жылы қалай өзгеретінін көрсетті. Олар адамның виртуалды үлгісін әзірлеп, оған "Минди" деген ат берген.

Ғалымдардың айтуынша, бүгінде адамдар үнемі гаджеттерді пайдаланатындықтан және көп жағдайда бір қалыпта отыратындықтан, олардың дене келбетінде біршама өзгерістер пайда болады екен.

Мысалы адамдардың арқа тұсында өркеш сияқты бүкір дөңес пайда болуы мүмкін дейді мамандар. Соның салдарынан тіпті адамдардың мойны да өзгеріске ұшырайды екен. Яғни олардың мойын омыртқасы қысқарып, жалпақтанатын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835371-11-katarda-aj-ttylady/

pixel