Алматының шеткі аудандарына да "Сергек" камерасы қойылмақ

Опубликовано:

Оңтүстік астананың орталық көшелерін түгел қамтыған "Сергек" бақылау жүйесі енді шеткі аудандарды да толық қамтымақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Фото: factum.kz
Фото: factum.kz: Depositphotos

1-ші қаңтардан бастап шаһарда "Сергектің" 400 камерасы іске қосылғаны белгілі. Оған бюджеттің 50 млн теңгесі жұмсалған. Яғни әр камераның құны 125 мың теңге.

"Сергек" оны небәрі 10 күнде қайтарып отыр. Полицияның мәліметінше, камералар екі жарым мың жол ережесін бұзу дерегін тіркеп, 42 млн теңгенің айыппұлы салынған.

Тәртіп сақшылары"Сергектің" арқасында қаладағы жол апаты жиі болатын қиылыстарда бұл көрсеткіш 7 пайызға төмендеді деді деп отыр. Енді әкімшілік полиция Алматының шеткі аудандарын да жіті бақылауға алмақ.

Соған сәйкес "Сергек" камералары шет жақтағы көшелерге де түгел орнатылады.

"Бағдарламаны бұрын қабылдаған кезде бізде Наурызбай ауданы деген секілді басқа аудандар болған жоқ. Бірақ осы 400 "Сергектің" ішінде біз Наурызбай ауданына да қойдық. Алатау ауданында, Момышұлы көшесінің бойында бір камера болмаған. Бірақ қанша жол апаты болды", - дейді Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда қосымша 400 "Сергек" бейнебақылау камерасы орнатылатынын, олардың нақты мекен-жайы мен тізімін хабарлаған болатынбыз.

300 камера мектептердің, балабақшалардың жанында және жаяу жүргіншілер өткелдерінде, ал 100 видеотіркеуіш жол айрықтарында орнытылады деп жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835636-almatyny-setki-audandaryna-da-sergek-kamerasy-kojylmak/