Тұрмыстық техника жөндеп, әкесінің еміне қаржы жинап жатқан балаға ел сүйсінді

Опубликовано:

Қарағанды облысы, Нұра ауданының Қараой ауылында тұратын Нұрасыл есімді 12 жастағы жеткіншек теледидар, компьютер тіпті ұялы телефонға дейін жөндей алады. Ал тапқан қыржысын мүмкіндігі шектелуі әкесінің еміне жинап жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Нұрасыл. Кадр Астана арнасы
Нұрасыл. Кадр Астана арнасы: Depositphotos

Нұрасыл техникаға ерте әуестеніпті. Жастайынан сал ауруына шалдыққан әкесіне қолғабыс жасап жүріп, электрониканың тілін меңгеріп алған. Ауыл тұрғындары бұзылып қалған теледидарлары мен тоңазытқыштарын, қалта телефондарын да жөндетіп алады.

Әкесі ауыр сырқатына қарамастан үйден шеберхана ашып, отбасын асырап келген. Алайда өткен жылы көлік апатына түсіп, артынша қолы мүлде икемге келмей қалыпты. Ауыртпалық отбасының үлкені 12 жастағы Нұрасылға түскен.

"Бала күнімде әкеммен бірге телевизор жасауға көмектестім. Әкем сосын жол апатына түсті, сосын әкемнің орнына мен тұрдым. Әкеме еміне ақша жинаймын деп әкеммен бірге жұмыс істедім", - дейді жасөспірім.
Нұрасыл. Кадр Астана арнасы
Нұрасыл. Кадр Астана арнасы: Depositphotos

Нұрасылдың өзіне де бұл жұмыс ұнайды. Дегенмен ол мұндай жұмыстарымен тек сабақтан тыс уақытта ғана айналысады.

Ал мүкіндігі шектеулі әке ұлынан мұндай ерлікті күтпепті. Алғашында таң қалған. Қиындыққа мойымайтын 45 жастағы Дос Төлегенов өзіне бала күнінде дәрігерлер ақыл-есі кем деген диагноз қойғанын айтады.

Алайда өзінің есті екенін дәлелдеу үшін еңбек етіп, отбасын құрған. Қазір үш баласы бар. 

Төрт телевизорды жасап қойыпты үйге келсем, клиенттер риза, бәрі мәз, кейбірі бала істеп жатыр деп қорқады. Балам жақсы істейді, қуаныштымын. Ниет дейді ғой. Ниет болса болды. Ұлымда ниеті мықты", - дейді Дос Төлегенов.

Нұрасылдың шеберлігін ауылдастарынан бөлек, көрші елді мекен тұрғындары мойындап келеді. Оған бұзылған техникаларын көптеп әкелуі себеп. Жеткіншектің табысы да жаман емес. Шамамен 100 мың теңгеге жуық пайда табады.

Табысын әкесінің еміне жұмсап жүр. Жас шебердің мақсаты- әкесін сауықтыру, ал әкесі баласының шеберханасын кеңейтуді армандайды.

А. Қуаш

Айта кетсек, Таразда мектеп оқушысы Абылайхан Қуантай қолына сыпыртқы алып, жаяу жүргіншілер жолын сыпырып жүрген видеосы желіде тарап, желі қолданушыларын тәнті еткен еді.

Белгілі болғандай мектеп оқушысы күзгі демалыс кезінде дала сыпыруға күнде шығады екен. Айтуынша, үйде тірліксіз отырудан іші пысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835638-trmystyk-tehnika-zndep-kesini-emine-karzy-zinap-zatkan-balaga-el-sjsindi/